Олжас Абайұлы Бектенов

Олжас Абайұлы Бектенов
Олжас Абайұлы Бектенов
Бектенов, 2024 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Премьер-министр
Ту
Ту
6 ақпан 2024 жылдан бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Әлихан Смайылов
Роман Скляр (м.а.)
Ту
Ту
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Ту
Ту
3 сәуір 2023 — 6 ақпан 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Ізашары Мұрат Нұртілеу
Ізбасары Айбек Дәдебаев
Ту
Ту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Ту
Ту
25 ақпан 2022 — 3 сәуір 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Ізашары Марат Ахметжанов
Ізбасары Асхат Жұмағали
Ту
Ту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары
Ту
Ту
маусым 2019 — 25 ақпан 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Өмірбаяны
Білімі Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2001)
Ғылыми дәрежесі заң ғылымдарының кандидаты
Мамандығы заңгер
Дүниеге келуі 13 желтоқсан 1980 (1980-12-13) (43 жас)
Алматы, Қазақ КСР, КСРО
Әскери қызметі
Атағы Жемқорлыққа қарсы қызметтің Генерал-лейтенанты
Марапаттары
Олжас Абайұлы Бектенов Ортаққорда

Олжас Абайұлы Бектенов (13 желтоқсан 1980 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және 2024 жылғы 6 ақпаннан Қазақстан премьер-министрі.

Бұрын Бектенов Президент Әкімшілігінің басшысы (2023–2024), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) төрағасы (2022–2023) сияқты лауазымдар иесі болған.[1]

2001 жылы Олжас Бектенов Қазақ мемлекеттік заң академиясындағы заңгер мамандығы бойынша оқуын бітірді.

2005 жылы Бектенов заң ғылымдарының кандидаты болды.[2] Оның орысша диссертациясының тақырыбы «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылықтарының алдын алудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері» болған.[3]

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өз еңбек жолын Бектенов 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастады.[4] Бұл қызметте ол 2005 жылға дейін болды.[1]

2005–2006 жылдары ол Премьер-министр кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы болды. Одан кейін ол 2009 жылға дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012 жылы ол — Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы. Бұл қызметі 2014 жылы аяқталды.

2015–2016 жылдары ол Астана әкімі аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі болса, 2016–2017 жылдары ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Антикор) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болған.

2017 жылдан 2018 жылға дейін ол — Ақмола облысы әкімінің орынбасары және 2018 жылдан 2019 жылға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары еді.

2019–2022 жылдары Бектенов Антикор төрағасының бірінші орынбасары болса, 2022–2023 жылдары ол бұл агенттіктің төрағасы болған.

2023 жылғы 3 сәуірден бастап ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.[5]

Премьер-министр (2024–)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Олжас Бектенов үкіметі

2024 жылғы 5 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер Әлихан Смайылов басқарған үкіметті қызметінен босатты да,[6] 6 ақпанда Олжас Бектеновті елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындады. Бектеновтің кандидатурасын Мәжілістің 69 депутаты қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды.[7]

Марапаттары және атақтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олжас Бектенов 2-дәрежелі "Айбын" (2014), 2-дәрежелі "Даңқ" (2021) ордендерімен марапатталған.[8]

Оған қоса Бектенов — Жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-лейтенанты.[1]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олжас Бектенов үйленген және оның үш баласы бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d Бектенов Олжас Абаевич (персональная справка)  (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 3 наурыз 2024.
  2. Мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі: Үкіметті Олжас Бектенов тізгіндеді  (қаз.). Мезгіл.kz (6 ақпан 2024). Тексерілді, 3 наурыз 2027.
  3. орыс. Организационно-правовые проблемы предупреждения административной деликтности несовершеннолетних в Республике Казахстан; Организационно-правовые проблемы предупреждения административной деликтности несовершеннолетних в Республике Казахстан: автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата юридических наук: 12.00.02 / Бектенов Олжас Абаевич  (орыс.). Беларусь Ұлттық кітапханасының электронды каталогы. Тексерілді, 3 наурыз 2024.
  4. Премьер-Министр  (қаз.). Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты. Тексерілді, 3 наурыз 2024. Мұрағат көшірмесі 3 наурыздың 2024 Wayback Machine мұрағатында
  5. Қазақстан үкіметін Олжас Бектенов басқарады  (қаз.). SPUTNIK (6 ақпан 2024). Тексерілді, 3 наурыз 2024.
  6. Смайылов басқарған Үкімет неге отставкаға кетті? Президент нақты жауап берді  (қаз.). Егемен Қазақстан (6 ақпан 2024). Тексерілді, 3 наурыз 2024.
  7. Смайылов басқарған Үкімет неге отставкаға кетті? Президент нақты жауап берді  (қаз.). Егемен Қазақстан (6 ақпан 2024). Тексерілді, 3 наурыз 2024.
  8. Премьер-министрлікке ұсынылған Олжас Бектенов туралы не белгілі  (қаз.). zakon.kz (6 ақпан 2024). Тексерілді, 3 наурыз 2027.