Отағасы | |
A Family Man | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі |
Марк Уильямс |
Продюсері |
Джерард Батлер |
Сценарийдің авторы |
Билл Дюбук |
Басты рөлдерде |
Джерард Батлер |
Операторы |
Шелли Джонсон |
Композиторы |
Марк Айшем |
Кинокомпания |
Zero Gravity Management |
Дистрибьютор |
Vertical Entertainment |
Ұзақтығы |
108 мин |
Кассалық түсімі | |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb |
«Отағасы» (ағылш. A Family Man) — 2016 жылғы америкалық драма фильмі. Фильм режиссері Марк Уильямс, ал сценарийдің авторы Билл Дюбук.
Фильм «Zero Gravity Management» компаниясымен 2015 жылы түсіріліп,[2][3] «Vertical Entertainment» компаниясы арқылы 2016 жылы жарыққа шықты, ал кең көрсетілімге 2017 жылы шықты.[4]
Фильмде Джерард Батлер, Уиллем Дефо, Анупам Кхер, Альфред Молина, Элисон Бри және Гретчен Мол ойнады. Негізгі түсірілім 2015 жылдың 26 қазанында Торонтода басталды. Фильм 2016 жылғы Торонто кинофестивалінде көрсетілді.[5]
Дэйн Дженсен — Чикагода тұратын табысты хедхантер, мамандық бойынша да, мамандардың кәсіби деңгейінде де негізгі және сирек кадрларды іздейтін және іріктейтін «Blackridge» компаниясының Линн Уилсонмен бірге ең кәсіби жұмысшыларының бірі. Оған жұмысында көтерілу уәде етілген, бірақ бұл үшін ол әріптесі Линн Уилсонның көрсеткіштерінен асып түсуі керек. Жұмысқа толықтай кіріскен ол өзінің отбасына аз көңіл бөледі, бұған оның әйелі Элистің көңілі толмайды. Элис отбасымен, әсіресе балалармен көбірек уақыт өткізуді сұрайды.
Үлкен ұлы Райан өзінің денсаулығына шағымданады. Оған қатерлі ісік диагнозы қойылады. Дэйн өзінің мансабы мен отбасының арасында еріксіз таңдауға түседі. Дэйн ұлымен көбірек уақыт өткізеді, нәтижесінде оның көрсеткіші Линн Уилсонның көрсеткіштерінен азая бастайды.
Дэйннің оқиғасымен қатар жасына байланысты жұмыс табалмай жүрген инженер Лу Уилердің оқиғасы бірге көрсетіледі.