Постышев Павел Петрович (партиялық бүркеншік аты — Ермак) (6-шы немесе 18-ші қыркүйек 1887 жыл — 26-шы ақпан 1939 жыл) — кеңес партия қайраткері.
1904 жылдан Компартия мүшесі. Жұмысшы семьясында туған. 1901 жылдан революциялық қозғалысқа қатысты. 1905 жылы жұмысшы депутаттары Иваново-Вознесенск Кеңесінің мүшесі. 1906 жылы РСДЖП Иваново қалалық, 1907–1908 жылы окр. комитеттерінің бюро мүшесі. 1908 жылы тұтқынға алынып, 1910 жылы 4 жылға сотталды. 1912 жылы Иркутск губерниясына жер аударылды. 1914–1917 жылы РСДЖП Иркутск бюросының мүшесі, металлистер кәсіподағы қалалық комитетінің председателі, жұмысшы депутаттары Иркутск қалалық кеңесі төрағасының орынбасары, кәсіподақтардың орт. бюросының председателі, Иркутск әскери-революциялық комитетінің мүшесі, Қызыл гвардия отрядтарын ұйымдастырушы, рев. трибуналдың председателі, Орт. Сібірдің мүшесі. 1918 жылы Қиыр Шығыс Халкомсовының Хабаровскідегі Орт. Сібір өкілі. 1918–1920 жылы Азамат соғысы кезінде Қиыр Шығыста астыртын жұмыс жүргізді, Приамурьеде партизан отрядтарына басшылық етті. 1920 жылы РК(б)П ОК-нің Хабаровск ауд. бойынша өкілі, РК(б)П ОК Қиыр Шығыс бюросының мүшелігіне кандидат. 1921–1922 жылы Қиыр Шығыс республикасының үкіметінің Прибайкалье облысындағы өкілі; Қиыр Шығыс республикасы Шығыс майданы әскери советінің мүшесі; Қиыр Шығыс республикасының Верхне-удинскідегі обл. заң комиссары, Прибайкалье губерниясының аткомының председателі. 1924–1925 жылы Киев губкомының, кейін УК(б)П окр. комитетініц секретары. 1926–1930 жылы УК(б)П Харьков округтық және қалалық комитеттерінің секретары. 1925 жылы УК(б)П ОК мүшесі және Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат. 1926–1930 жылы УК(б)П Ұйымдастыру бюросының, Саяси Бюросының мүшесі, ОК хатшысы. 1930–1933 жылы БК(б)П ОК ұйымдастыру бюросының мүшесі және хатшысы. 1933–1937 жылы УК(б)П ОК секретары, оның Саяси Бюросының және Ұйымдастыру бюросының мүшесі; 1934 жылдан Киев облысының партия комитетінің секретары қызметін қоса атқарды. 1937–1938 жылы БК(б)П Куйбышев өлкелік комитетінің секретары. Партияның 11, 13–17-ші съездерінің делегаты. 14-ші съезде БК(б)П ОК мүшелігіне кандидат, 15–17-ші съездерде оның мүшесі болып сайланды. 1934–1938 жылы БК(б)П ОК Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат. КСРО ОАК төралқасының мүшесі. Ленин орденімен және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.[1]