Пайымдау

Логикада қолданылатын аргумент терминологиясы (Көк қорапшада, солдан оңға қарай, 1-ші қатар: Аргумент. 2-ші қатар: дедуктивті, индуктивті. 3-ші қатар: өнімді, өнімсіз, күшті, әлсіз. 4-ші қатар: Сенімді, Сенімсіз, Сенімсіз, Уәжді, Уәжсіз, Уәжсіз)

Пайымдау (немесе Логикалық пайымдау, ағылш. Logical reasoning) — пайым қабілетінің логикалық арнайы формалары.

Формал логикада пайымдаудың үш түрі жиі талқыланады: дедукция, индукция және абдукция. Олардың негізгі формалары ретінде алғышарт, қорытынды және логикалық ойқорту, импликация, логикалық ереже қатарлыларды атауға болады.

  1. Дедуктивті пайымдау бойынша мәлім қорытындының ақиқаттығы оның ережеге айнала алуына байланысты, ал бұл тек алғышарттардың ақиқатына сүйеніп анықталады. Мысалы: "Жаңбыр жауса, сырттағы заттар су болады. Шөп сыртта, сондықтан: жаңбыр жауса, шөп су болады". Математикалық логика және философиялық логика әдетте осы пайымдау түрімен байланысты.
  1. Индуктивті пайымдау ережені анықтауды қолдауға тырысады. Көптеген мысалдар арқылы алғышарттан шығатын қорытындыларға сай оның ереже екенін болжауға болады. Мысал: "Жаңбыр жауған кезде шөп бірнеше рет су болды, сондықтан: жаңбыр жауғанда шөп әрқашан су болады". Пайымдаудың бұл түрі әдетте эмпирикалық дәлелдерді жалпыластырумен (generalization) байланысты болады. Бұл пайымдау нанымды болған күнде де, бәрібір бұл дәлелдер дедуктивті түрде жарамды емес: индукция мәселесін қараңыз.
  1. Абдуктивті пайымдау, кейде ең жақсы түсіндіретін ойтұжырым (inference) деп аталады, ол ең сенімді алғышарттар жиынтығын таңдайды. Шынайы қорытындыға келу және басшылыққа алуға болатын ереже ұсыну үшін,ол қорытындыны қолдайтын кейбір ықтимал алғышарттарды таңдауға тырысады, ал ол шын болған күнде де негізгісі болмауы мүмкін. Мысалы: "Жаңбыр жауса, шөп су болады. Шөп су екен. демек жаңбыр жауғаны анық". Мұндай пайымдауды жорамал жасауға қолдануға болады, дегенмен ол өз кезегінде қосымша дәлелдер мен деректер арқылы қайта тексерілуі мүмкін. Диагностиктер, детективтер және ғалымдар мұндай пайымдау түрін жиі пайдаланады.

Математикалық модель контексті ішінде пайымдаудың осы үш түрін келесідей сипаттауға болады. Моделдің құрылымын құру/жарату дегеніміз абдукция болады. Ал, моделдің параметрлеріне мәндер тағайындау индукция болады. Ал, моделді орындау/жүргізу болса дедукия болмақ.

Жоғарыдағы үш жалпы санаттан басқа пайымдау түрлері:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]