Пак (ағылш. pack) — Арктиканың биік еңдіктеріндегі көп жылдық (2 жылдан астам) теңіз мұзы. Түсі көгілдір, қалыңдығы 3—5 метрден 10—20 метрге дейін болады. Көбінесе зор көлемді тұтас мұз аландарын құрайды. Қалың пак кеме қатынасына көп қиындық келтіреді. Батыс елдерінде Антарктика теңіздеріндегі көп жылдық мұзды да "пак" деп атайды.[1]
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |