Пандус

Пандус

Пандус (фр. pente douce) — дөңгелекті көлік құралдарының деңгейі әртүрлі екі көлденең жазық беттері арасында орын ауыстыруын қамтамасыз ететін көлбеу жазықтықты алаңша, коммуникациялық құралым.[1] Жоспарлық көрінісі бойынша тікбұрышты немесе қисықбұрышты болып келуі мүмкін.

Жиі кездесетін қолданыс аясына мүгедектерге арналған арбашықтардың цоколь қабатынан жоғарырақ немесе төменірек орналасқан кіреберістерге енуін және көп қабатты гараж этаждары арасында автомобильдердің өз жүрісімен қозғалысын қамтамасыз ету кіреді. Кейбір жағдайларда үймереттердің сыртқы және ішкі баспалдақтарын алмастыруы мүмкін. Заманауи құрылыста пандустар қоғамдық орындарда (оның ішінде жерасты өтпелері де бар) мүгедектер мен балалар арбашықтарынының емін-еркін жүріп-тұруы мақсатында баспалдақтармен қатар салынады, не болмаса толығымен алмастыруда.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ҚНмЕ 1.01-32-2005 (құрылыс нормалары мен ережелері)