Панкреатин - ферментті препарат. Құрамында ұйқы безінің ферменттері - амилаза, липаза жене про¬теаза бар, олар майлардың, ақуыздар мен көмірсулардың қорытылуына ықпал етеді, бұл олардың ащы ішекте толығырақ сіңуіне жағдай жасайды. Препарат ұйқы безінің сыртқы сөлінісі жеткіліксіздігінің орнын толықтырады және ас қорыту үдерістерінің жақсаруына жағдай жасайды.
Саудалық атаулары: Мезим, Биофесталь, Нормоэнзим, Ферестал, Фестал, Энзистал, Панкреофлат, Биозим, Вестал, Гастенорм, Креон, Микразим, Панзим, Панзинорм, Панкреазим, Панкрелипаза, Панкренорм, Панцитрат, Пензитал, Уни-Фестал, Энзибене, Эрмиталь.
Халықаралық патенттелмеген атауы: Панкреатин
Дәрілік түрі: қабықпен қапталған таблеткалар
Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында Мезим дәрілік түрі үшін; белсенді зат - панкреатин (липаза 3 500 ӘБ Ph.Eur., амилаза 4 200 ӘБ Ph.Eur., протеаза 250 ӘБ Ph.Eur. белсенділігіне сай), қосымша заттар: микрокристалдық целлю¬лоза, крахмалдың натрий гликолнты (А түрі), жоғары дисперсті кремний қос тотығы, магний стеараты, қабығының құрамы: 30%-ды дисперсті полиакрилат (құрғақ салмағы), тазартылған тальк, гипромеллоза, азорубинлак E122, 30%-ды симетикон эмульсиясы (құрғақ салмағы), титанның қос тотығы E 171, макрогол 6000.
Саудалық атауы | Липаза ӘБ | Диаметрі | |
---|---|---|---|
Креон | 10000, 25000, 40000 | 2 мм кем | |
Панзинорм | 10000, 20000 | 2 мм кем | |
Микразим | 10000, 25000 | 2 мм кем | |
Мезим | 3500, 10000 | 2 мм көп | |
Пензитал | 6000 | 2 мм көп | |
Дигестал | 6000 | 2 мм көп | |
Фестал | 4500 | 2 мм көп | |
Эрмиталь | 10000, 25000, 36000 | 2 мм көп | |
Энзистал | 6000 | 2 мм көп |
Шеттері кертілген цилиндр түріндегі ашық қызыл түсті қабықпен қапталған тегіс та-блеткалар
Ac қорытуға ықпал ететін препараттар. Ферменттік препараттар. АТЖ коды А09АА02.
Панкреатин асқазан-ішек жолынан сіңбейді, нәжіс арқылы шығарылады, ас қорыту сөлінісінің немесе бактерияның әсерінен оның көп бөлігі ыдырайды және өзгереді.
Ферментті препарат. Құрамында ұйқы безінің ферменттері - амилаза, липаза жене про-теаза бар, олар майлардың, ақуыздар мен көмірсулардың қорытылуына ықпал етеді, бұл олардың ащы ішекте толығырақ сіңуіне жағдай жасайды. Препарат үйқы безінің сыртқы сөлінісі жеткіліксіздігінің орнын толықтырады және ас қорыту үдерістерінің жақсаруына жағдай жасайды.
- үйқы безінің сөлініс бөлінуінің жеткіліксіздігінде (созылмалы панкреатитте, муковисцидозда және т.б) , - асқазанның, ішектің, бауырдың, өт қабының созылмалы-қабынбалы дистрофиялық ауруларында, оның ішінде сол мүшелерді кескеннен кейінгі немесе сол мүшелердің сәулелендірілуі, ас қорытудың бүзылуы, метеоризм, диарея қатар жүретін жай-күйлерде , - асқазан-ішек жолдарының қызметі қалыпты адамдарда тамақтануда ақау болғгнда ас қорытылуын жақсарту үшін , - қүрсақ қуысы мүшелерін рентгенологиялық және ультрадыбыстық тексеруге дайындағанда.
Дозасы ас қорытудың бұзылу дәрежесіне байланысты дербес айқындалады. Таблетканы шайнамай және сумен бірге қабылдау керек. Ересектерге: тамақтанудың алдында 1-2 таблеткадан қабылдау керек. Қажет болғанда тамақтану кезінде қосымша 1-4 таблетка қабылдау керек. Құрамында дене салмағына шаққанда 15000-20000 ӘБ ли¬паза құрайтын ферменттердің тәуліктік дозасын арттырмау керек.
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта , - жедел панкреатитте , - созылмалы панкреатиттің асқынуында.
Мезим фортені қабылдау кезінде фолий қышқылының сіңуі азаюы мүмкін.
Мезим фортенің белсенді ферменттері бар, олар ауыз қуысында босап шығуы кезінде (мысалы шайнау кезінде), оның шырышты қабығына зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан Мезим фортені шайнамастан, таблетканы бүтіндей жүту керек. Муковисцидозда панкреатинді қажетті дозадан асырған жағдайда илеоцекальды бөлігінде және тоқ ішектің басталар бөлігіндегі тарылудың (фиброздық колонопатияның) өршуі ықтимал.
Бұл дәрілік препарат 6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Мезим форте препаратын жүктілік пен бала емізу кезеңінде қолдану жөнінде қауіп жоқ.
Әсер етпейді.
Белгілері: препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін. Емдеу: белгілеріне қарай ем жүргізу керек.
Шығарылу түрі және қаптамасы Қабықпен қапталған таблеткалар, блистерлі қаптаманың біреуінде 20 таблеткадан. Картон қаптамада қолдану жөніндегі нүсқаулықпен бірге 1 блистер.
+30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалар қол жеткізе апмайтын жерде сақтау керек
36 ай немесе 3 жыл Сақтау мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Рецептісіз босатылады
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|