Параклезиз

Параклезиз (грек: Παράκλησις Шіркеу славян тілі: молебен) - Православ шіркеуі және Шығыс католик шіркеулерінде құдай алдында дұға арқылы құлшылық етудің түрі. Параклезиз әдетте шіркеу өмірінің қандай да бір оқиғасына байланысты жасалады. Көбінесе әулиелерге бағышталады. Құдайға құлшылық етудің бұл түрі жеке адамның сиынуынан өзгешелігі коллективтік сипатқа ие. Бұл кейде өнімнің мол болу немесе болмау жағдайына, соғысқа немесе стихиялық апатқа орай өткізіледі.[1][2]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Д. Мадеев, Е. Сапуанов «Атеистің қалта сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1988 жыл, 288 бет
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998