Патриций көбелегі | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Parnassius patricius Niepelt, 1850 |
Патриций көбелегі (лат. Parnassius patricius) – сирек кездесетін түр. Туыстың ең ұсақ өкілі. Тибет-Тянь-Шань жергілікті түрі. Таралу аймағы үзік. Қазақстанда Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы жоталарынан белгілі.Өсімдігі сирек, тарамдалған тасты беткейдің алды мен шатқалға шығар жағында (2900-3600 м) тіршілік етеді. Мұнда мал жиі жайылмайды. Жылына бір рет ұрпақ береді. Көбелектер шілдеде ұшады. Жұлдызқұрттары Cysticorydails fedtschenkiana-да дамиды. Түрді қорғау үшін тіршілік ететін мекенін тауып, оны қорғауды ұйымдастырып, сөйтіп осында түрдің биологиясы мен экологиясын зерттеу керек. Бұл мақсат үшін Іле Алатауының оңтүстік баурайлары, яғни Шелек өзеніне түсетін жері қолайлы болар еді.
Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л. Казенас.