Негізінен пестицидтер ауыл шаруашьшығында кеңінен қолданылады. Өсімдіктерді қорғау, егін өнімділігін арттыру үшін әзірше кең таралған және бұл арзан химикаттар болып саналады.
Сондықтан пестицидтерді өндіру кеңінен арттырылуда. Пестицидтерді қолдану - топырақ, су қоймаларын, жерді, ауаны ластандырады, тұрғындардың тығыз қатынаста болуына әкеледі. Пестицидтер биологиялық белсенді қосылыстар болғандықтан пайдасыз бен пайдалы жануарлар мен құрт-құмырсқаларға және адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Пестицидтерге балалар мен жасөспірімдер және қарт адамдардың организмі өте сезімтал келеді. Әсіресе жүкті әйелдер және бала емізетін әйелдердің осы улы заттармен қарым - қатынаста болуы өте қауіпті. Өйткені, бұл заттар организмге түскенде плацентарлық тосқауылдан өтіп, ұрықтың дамуына әсерін тигізеді жәж ана сүтімен өтіп баланы уландыруы мүмкін. Көптеген пестицидтерге жалпы токсикалық эмбрион-гонадо - токсикалық (жасушаның және жыныс бездерінің өзгеруі мен жасушаның шоғырлануы), мутагендік - хромосомдық бұзылыс, канцерогендік (қатерлі ісіктік) және аллергендік қасиеттер тән. Пестицидтер әсері жиі өндірісте істейтін жұмысшылар пестицидтермен жанасуында әртүрлі заттарды іздеп табатын, тасымалдайтын, сақтайтын, тарататын, егін - өсімдіктерге себетін және үй шаруашылығында қолданылатын жұмыстармен тікелей байланысты. Әсіресе адамдар ұрықтар мен дәндерді қолданғанда, топыраққа сепкенде (фумигациялағанда) және өсімдіктерге, ағаштарға шашқанда немесе пестицидтерді өңдейтін орындарда ұзақ уақыт қатынаста болғанда, әсіресе санитарлы - гигиеналық нормативтік талаптарды сақтамағанда жұмысшылар улануға ұшырайды. Пестицидтердің биологиялық әсері бойынша жіктелуі: пестицидті альгицидтер - су өсімдіктерін болдырмау үшін;пестицидті акарицидтер - кенелер мен құрттарды құрту үшін; пестицидті арбоицидтер - бұта ағаштарды жоюға арналған; пестицидті антисептиктер - металл емес материалдарды микроорганизм әсерінен бұзылуын қорғау үшін; пестицидті бактерицидтер - бактерияларды құрту үшін;гербицидтер - арам шөптерді құрту үшін; дефолианттар - жапырақтарды құрту үшін;зооцидтер - кеміргіштерді құрту үшін;инсектицидтер – құрт-құмырсқа, ұшқыш жәндіктерді құрту үшін;фунгицидтер - өсімдіктердің вирустық және бактериалдық, саңырауқұлақ қоздырушыларын құрту үшін.овициды - жәндіктердің ұрығын құрту үшін.
ФОҚП инсектофунгицидтер ретінде мақта, дән, жеміс ағаштарының, шөптердің т.б. зиянкестеріне қарсы қолданады. Бұл қосылыстар қоршаған ортада, өсімдіктерде, топырақ пен суда тұрақсыз, 1 айдың ішінде ыдырап бөлінеді және азық - түлік өнімдерін термикалық өңдеуде, яғни жоғарғы температурада жойылады. ФОҚП тері арқылы оңай кіреді, сонымен қатар ингаляциялық жол арқылы енеді. Химиялық құрылымы бойынша бұл қосылыстар фосфорлы, тио- және дитиофосфорлы, фосфан қышқылының эфирлері: байтекс, битифос, карбофос, метафос, хлорофос болып табылады. Патогенезі. Бұл топтың қосылыстары политропты әсер етіп, көбінесе орталық нерв жүйесі мен паренхиматозлы ағзаларды (бауыр, бүйрек, көкбауыр, жүрек, өкпе) зақымдайды. ФОҚП холинэстеразаларға ферментін тежеп, нерв жүйесінің медиаторы ацетилхолинді жинайды, бұл нерв жасушалары мен ганглионарлы синапс арқылы нерв қозуының берілуін, тіндік тыныс алуын бұзады, осының нәтижесінде улану көріністері байқалады. ФОҚ - мен уланудың негізгі симптомдары ацетилхолиннің орталыққа әсері мен мускарин тәрізді парасимпатикалық әсеріне (құсу, лоқсу, іштің өтуі, кеуденің қысылуы, тершеңдік, брадикардия, көз қарашығының тарылуы, ішек, қуық, бронхтардың бұлшықеттерінің жиырылуы, көз, сілекей, бронх бездері секрециясының белсенділігі) байлансыты. Осымен қатар ФОҚ-дың никотин тәрізді әсерінің болуы тән: постганглионарлы талшықта импульстің берілуі бұзылады, осыдан көз, тіл, мойын, бет бұлшықеттерінің тартылуы - дірілдеуі және жалпы дененің гиперкинезиялары байқалады. Ацетилхолиннің орталыққа әсері ми қыртысына, сопақша миға токсикалық әсерімен сипатталады (бастың ауыруы, ұйқысының бұзылуы, қозу, психикасының бұзылуы, есін білмей тоникалы - клоникалық құрысулар, салданулар, сопақша мидағы өмірге қажетті орталықтардың тежелуі).
Жедел улану бірнеше сағат жасырын өтеді. Жедел уланудың түрлері: а) жеңіл дәрежелі; б) орташа дәрежелі; в) ауыр дәрежелі. ФОҚП - мен жедел уланудың жеңіл дәрежесінде науқастың клиникасы мынандай болады: бас ауруы, бас айналу, аяқ - қолдың әлсіздігі, көрудің төменді, жүрек айнуы, сілекейдің бөлінуі, көзден жас ағу, іш тұсының ауыруы, кейде іш өту. Көздің қарашағы кішірейген, көруі нашарлаған, нистагм, беттің ісінуі, көп тершеңдік пайда болады. Пестицидтер әсері әрі қарай жалғасса тыныс қиындайды, кеуде қуысы қысылып, ауа жетіспей, ұстама тәрізді жөтел қосылады. Өкпеде қатаң тыныс алу, құрғақ сырылдар; жиі жүрек соғуы, артериалдық қан қысымының жоғарылауы, кейде ауыр жағдайда төмендейді. Орта дәрежесінде қозу күшейіп қорқыныш сезімі, өте қатты бас ауруы, бұлшықет әлсіздігі пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығару қиындайды, тыныс алуы ысқырық тәрізді, өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар, сықырлаулар естіледі. Объективтік жағдайы орташа, көгеру, ентігу, демікпе, дене қызуы көтеріліп, дірілдеу байқалады. Миоз, көз ауырып, аккомодация спазмы, бұлшықет тонусының төмендеуі, бет бұлшықеттерінің мимикасы мен қозғалысы бұзылып дизартрия, бет-мойын, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы, іштің тұсы ұстама тәрізді ауырғаны және үлкен дәреті сұйық болып, кейде галлюцинациямен депрессия пайда болады. Қанда холинэстераза 50%-ға дейін төмендейді. Ацетилхолин мөлшері жоғарылайды. Жедел уланудың ауыр дәрежесі сирек кездеседі. Мұнда үш кезеңді ажыратады: қозу, құрысу - тырысу және паралитикалық немесе салдану. Науқастың жағдайы ауыр, алдында қозу, тынышсыздық, кейін тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы нәтижесінде диафрагманың жиырылуы әсерінен ықылық пайда болады. Тыныс алу мен тыныс шығаруы едәуір қиындайды, ол шуылмен аз қашықтықта естіледі, көбік тәрізді қақырық (өкпе ісінуінің клиникасын еске түсіреді) және демікпе пайда болады. Есі тұманданып, көздің қарашығы соншалықты кішірейгендіктен жарыққа сезімталдығы төмендейді немесе жойылады, оқтын-оқтын жайылмалы құрысу, бас және аяқ-қолдың треморы, парезі, салдануы, диэнцефальдік криздер дамиды. Брадикардия тахикардиямен ауысып, кейде жүрек қызметі бірден төмендеп коллапске, комаға әкеледі. Көбінесе асфиксия мен жүрек қантамыр қызметінің жетіспеушілігінен науқас қайтыс болады. Қанда холинэстераза толық инактивацияланады, гипохромды анемия, ретикулоцитоз, базафильді түйіршікті эритроциттер көбейеді. Қан сарысуында Гейнц денешіктері пайда болып, МеtHb көбейіп, лейкопения, ЭТЖ баяулап, диспротеинемия байқалады. Зәрде белок, эритроциттер және цилиндрлер көрінеді. Жеке жағдайда ФОҚ-дан хлорофос шеткі нерв жүйесіне әсер беріп, полиневропатияларды шақырады: полиневрит, жиі ауру синдромы аяқ-қолда, нерв жолымен, бұлшықетте, буындарда және әлсіздік, парестезиялар, гипе-, гиперестезиялар тершеңді-кпен көрінеді. Қалпына келу бірнеше жылға созылады. Созылмалы уланудың клиникасы жайлап басталып, бас ауруы, бас айналуы, дезориентация, есте сақтау қабылеті төмендеп, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендеп жүрек айну, әлсіздік әсіресе екі аяғында, кейде миоз, нашар көру, конъюнктивит, риниттермен көрінеді. Айқын білінетін түрлерінде интелект төмендеп, қысқа уақыт есін білмейді. Сонымен қатар, токсикалық гепатит, қанда лейкопения немесе лейкоцитоз, кейде МеtHb аздап көбейеді, гипохромды анемия байқалады, холинэстераза алдында қалыпты кейін ол төмендейді, ЭТЖ баяулайды. Хлорофос, карбофос, бромофос жиі дерматиттер, конъюктивиттер тудырады. Осы айтылған әсерлерден кейбір фосфор органикалық қосылыстар әскери дала жағдайында армияны қатардан шығару үшін қолданады.
Уланған адамға противогаз кигізіп қауіпті зонадан тез алып шығару керек. ФОҚ теріге түскен жағдайда - 5-10% мүсәтір спиртімен, 2-5% хлорамин ерітіндісімен немесе 2% сода ерітіндісі-мен өңдеп, сүртіп, былғанған киімді шешеді. Көзге түссе сумен көзді жуып 0,1% атропинді немесе 30% сульфацил натрийді тамшылайды. Асқазанға түссе, асқазанды жедел түрде жуып, бірнеше стакан су ішкізіп, жасанды құсық шақырады. Активтелеген көмір, іш айдатқыш дәрілер берілдеді. Улану белгілері болса холинолитикалық препараттар: ішке 0,001 г амизил немесе 0,02 г тропацин; холинэстераза антидоттары бұлшықетке 15% 1 мл дипироксимді әр 50-60 минут сайын жағдай жақсарғанға дейін қайталанады (жинақты доза 5-15 мл барады), 0,1% 1 мл атропинмен бірге қайталанып тұрады; аналептиктер тамыр дәрілері-мен (кордиамин, лобелин, мезатон) салынады. Тыныс жолдарын шырыштан механикалық тазалау жүргізіледі. Құрысуға қарсы препараттар - магний сульфаты, хлоралгидрат; пневмонияның профилактикасы үшін антибиотиктер, дезинтоксикациялық дәрілерін берген жөн. Жүрек қантамыр дәрілері де көрсеткіштерге қарай беріледі. ФОҚП - мен істеген жұмысшыларды сараптау. Фосфорорганикалық қосылыстармен созылмалы уланудың алғашқы белгілерінде жұмысшыларды уақытша жұмыстан босатып, кәсіптік дәрігерлік қағаз беріп емдеуін белгілеу қажет. Улану айқын ауыр жағдайда және созылмалы түрі жиі рецидив беретін болса ФОҚ-мен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Профилактикасы. Жұмысшылар уланудың алдын алу үшін кезекті медициналық қаралудан уақытында өтіп күніне 2-3 рет 0,5 г панкреатин нгмесе фестал, емдік-профилатикалық тамақтану, күнде сүт ішу, жұмыстың алдында ыстық тамақ ішу, т.б. шаралар жүргізіледі. Жұмыс уақыты 6 сағаттан, кей жағдайда 4 сағаттан артық болмау керек.
Хлор органикалық қосылысты пестицидтер ауыл шаруашылығында: дән, жеміс ағаштар және басқа егін дақылдарының зиянкестеріне, кене мен қан сорғыш жәндіктеріне қарсы қолданады. ХОҚП ішінде көбіне гексохлоран, хлортен, хлориндан, гептахлор, дилдрин, полихлорпинен, дуст немесе эмульсия ерітінді түрінде пайдаланады. Бұлардың бәрінің кумуляциялық қасиеті бар және сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Мысалы: ДДТ пестицидтерін пайдаланғаннан 10-12 жылдан соң топырақтан табуға болды. Сондықтан ол қазір көп пайдалынбайды. ХОҚП организмге тыныс алу жүйесімен асқазан - ішек жолымен түссе, олдрин, дилдрин сияқты аса қауіпті әсері күшті пестицидтер зақымданбаған тері арқылы организмге ене алады. ХОҚП бүйрек, асқазан-ішек жолымен, сүт бездерімен бөлініп шығады, алкогольді қабылдағанда температурасы жоғарылағанда удың сіңуі тездетіледі.
ХОҚП организмге негізікн орташа токсикалық және политропты әсер етеді. Олар майда еритін қосылыстарға жататындықтан липидтерге бай нерв жасушалар мен тіндерге, сонымен қатар липидтерге бай паренхиматозды ағзаларға және организмнің барлық қорғаныс тосқауылдарынан оңай өтеді. ХОҚП уланғандағы ОНЖ мен бауырдың зақымдануын осымен түсіндіруге болады және жасушалық тыныс алу ферменттерін негізінен цитохромоксидазаның тежелуіне байланысты, ол паренхиматозды ағзалардағы тотығу мен фосфорлану үрдістерін бүзады. Осыдан көмірсу алмасуы, белок биосинтезі де бүзылады. Кейбір ХОҚП: хлоридан, гептахлор, белоктың және тиоферменттердің SН тобын тежейді. ХОҚП әсерінг жеке өзіндік және адам жасына байланысты гиперсезгіштік, көбіне аллергиялық реакциялар туғызады. Ағзалардың сезгіштігі ХОҚП-дің түріне, концентрациясына, әсер еткен уақыттың ұзақтығына байланысты. Осылардан жедел немесе созылмалы улану клиникалық көріністері дамиды.
Уланудың клиникалық ерекшеліктері уланудың түріне, дәрежесіне, патогенездің үрдісіне және де ағзаларға удың қай жолмен түсуіне байланысты. ХОҚ шырышты қабаттары мен тыныс алу жолдарына түссе жоғарғы тыныс жолдарында, шырыштыларда, бронхта тітіркену белгілері пайда болады (ринит, коньюнктивит, жедел трахеобронхит). Мұндай жағдайда уланудың алғашқы белгілеріне көздің, тамақтың шырышты қабаттардың қызарғаны, мұрыннан су, кейде қан ағу, жөтел, тұншығу жатады. ХОҚ асқазан - ішек жолымен түссе (көбінесе тұрмыстық жағдайларда) жүрегі айну, құсу, іштің түсы ауыру, үлкен дәрет бұзылады; тері ластанса - дерматиттер, экзема, некроздар дамиды. Жедел улану ХОҚ организмге бір мезгілде үлкен дозада түскенде жергілікті көріністері мен ОНЖ зақымдану белгілері тез пайда болады: едәуір аяқта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, жүрегі айну, құсу, құлақтың шуылдауы, цианоз, ентігу, тахикардия, температура 39°С көтеріледі, теріде немесе шырышты қабықтарда аллергиялық зақымданулар, қан құюлулары болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда токсикалық энцефалит, таралған эпилептиформалық құрысулар мен психоздар, коллаптоидтық және коматоздық жағдайлар дамиды. Көбіне токсико - аллергиялық миокардит, токсикалық гепатонефропатия, обструктивті бронхит, бронх демікпесі симптомдары байқалады. Гексахлоранмен уланудың кеш кезеңінде полинейропатия, энцефаломиелополиневрит дамиды. Қанда лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды. Ауыр жағдайларда гипо-, апластикалық анемия, панцитопения, несепте - белок, микрогематурия. ХОҚП - мен созылмалы улануда біртіндеп басталып патологиялық үрдіс ми бағанасында орналасқандықтан токсикалық истерия, астеновегетативтік, астено - органикалық синдромдар және микросимптомдар дамиды. Бұл кезде эпизодты түрде церебралдық ангиодистониялық және ангиоспастикалық пароксизмалар: кенеттен интенсивті бас ауруы, бас айналу, жүректе ауру сезім, тахикардия, жүректің айнуы, іштің ауруы, профузды терлеу, бозару, аяқ - қолдың ауыруы, дірілдеуі, әлсіздік; жиі құрғақ жөтел, түшкіру, тұншығу дамиды. Бұндай жағдайда нейроциркуляторлық дистония жиі гипотониялық түрі, миокардтың дистрофиясы, токсикоаллергиялық миокардит және гастрит, гепатит, нефропатия дамиды. Теріде дерматит экзема, пиодермиялар, кейде сезімталдықтың бұзылуы мүмкін. Қанда лейкоцитоз, анемия, ЭТЖ жоғарылайды. Кейбір жағдайда асқынулар: өкпелік жүрек, бронхоэктатикалық ауру, бронх демікпесі, т.б. қосылады. Емдеуі. Жедел улануда науқасты тез арада таза ауаға шығарып, ластанған киімін шешіп, жылытып, оттегі беріледі, венаға 40% - 20 мл глюкоза ерітіндісін 500 мг витамин С витамин салу керек, кейін В топ витаминдері, витамин Е 5% - 1 мл беріледі. Көрсеткіштер бойынша жүрек қантамыр және седативті дәрілер жасалынады. Ауыр улануда 500 мл физиологиялық ерітіндіні венаға 40% глюкозамен енгіземіз. Көзге түссе соданың 2% ерітіндісімен (Nа гидрокарбонаты) немесе физиологиялық ерітіндісімен жуамыз. Теріні жылы сумен, сабынмен жуамыз, 2% сода ерітіндісімен таңамыз. Асқазан - ішек жолымен у түссе, тездетіп жылы сумен жуып, 1% мыс купоросын, іш айдатқыш дәрілер беріледі. Майлар, алкоголь, адреналин беруге болмайды. Энцефалополиневритті емдеуде жалпы антитоксикалық заттармен - витамин Е, кокарбоскилаза нгмесе В, витамині және В2, В6, В12, В15; фитин, липотропты дәрілер, церебролизин, аминалон, пирацетам, актовегин, АТФ, т.б. тағайындалады. Созылмалы уланудың емі синдромалды. ХОҚ уланудың МӘС-ы. Созылмалы уланудың жеңіл түрінде кәсіптік еңбек ауру қағазы ашылып, емдеу жүргізіледі. Айқын немесе ауыр улануда және созылмалы рецидивті түрінде, басқа жұмысқа ауыстыру нәтижелі. Профилактикасы. Пестицидтерді сақтайтын жерге санитарлық бақылау, жұмысшыларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, пестицидтер ПДК - сын сақтау, жұмыс күнінің ұзақтығын сақтау (6 сағат) шаралары жүргізіледі. Жұмыстан қалған уақытта ХОҚ және басқа пестицид әсері жоқ жұмыспен айналасқан жөн. Жүйелі түрде алдын ала медициналық тексеруден өтуді сақтауды берілген бұйрықпен жүргізіледі. Пестицидтермен жұмыс істеуге жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, 18 жасқа толмағандар, арақ - шарап ішкендер жіберілмейді. Емдік - профилактикалық тамақтану (тегін сүт, жұмыс басталар алдында ыстық тамақ беру, т.б.)
Сынапорганикалық қосылысты пестицидтер/гоксикалық әсерімен жоғары химиялық қосылыстарға жатады, өте тұрақты, кумулятивті қасиеті бар. Фунгицид ретінде тұқымды улауға пайдаланылады. Дуст, ұнтақ, ерітінді ретінде пайдаланылады. Бұл топқа диэтилсынап, этилмеркурофосфат (НИУИФ-1), этилмеркурхлорид, гранозан. (НИУИФ - 2), меркуран кіреді. Осы аталғандар (сынаптың ШРЕК мөлшері 0,005 мг/м3), жоғарғы тыныс жолы, асқазан - ішек, тері арқылы организмге түсіп қанда циркуляция жасап барлық субстраттарға барады: ми, бауыр, бүйрек, бүйрек үсті безі т.б., осыларда деполанып ликворға (гематоэнцефаликалық кедергіден) оңай өтеді. Бүйрекпен, үлкен дәретпен, тері, сүт бездерімен жеңіл бөлініп шығады. Патогенезі. СОҚП тіндік белоктар мен ферменттердің сульфгидрилді топтарына әсер етіп, ферментативті және алмасу үрдістерін бұзады, комплексті антиген - сынап альбуминатын түзеді. Осыдан терең белок, көмірсутегі, май алмасу үрдісі бұзылады, бұл әр түрлі ағзалар мен жүйелерде едәуір функционалдық бұзылыстарын тудырады әсіресе кардиотоксикалық, нерв жүйесіне және әйелдердің ұрпақ дамитын функциясына токсикалық әсері зор. Жедел уланудың клиникасы. Жеңіл дәрежелі улану: жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатының тітіркенуі, ауызда метал дәмі, сілекейдің көбеюі (гиперсаливация), гингивит, жүрегі айну, құсу, іш өту және едәуір астеновегетативті синдромдармен көрінеді. Бұл өзгерістер бірнеше апта ішінде қайтымды. Орта дәрежелі уланудың клиникасы бірте - бірте жедел це-ребропатия нервтік-психикалық бұзылыстарымен үдейіп, радикулоневриттер, миокардиодистрофия, артериалды гипотония, кейде гипертония симптомдарымен анықталады, осымен бірге осы сатыда диэнцефалды синдром, токсикалық гепатит және токсикалық нефроз жиі дамиды. Уланудың ауыр дәрежесінде вестибуло - мишықтық, бульбарлы зақымданулар, парез бен салдану, психоз, есту - көру төмендеп, көрмей қалуы мүмкін. Қалқанша бездің гипо - немесе гиперфункциясы, қантсыз диабет (қатты шөлдеу) дамиды. Науқастарда арықтау, адинамин, үлкен дәрет сұйық шырышты, жиі қан аралас болуы. Қанда гипохромды анемия, ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, моноцитоз, гипоальбуминурия, гематурия, уробилинурия және несепте сынап 0,03 мг/л - ден жоғары табылады. Созылмалы уланудың клиникасы. СОҚ-мен созылмалы уланудың клиникалық көрінісі біртіндеп дамиды. Негізінен астенове - гетативтік, полиневриттік синдромдар, вегетативті - висцеральді криздер пайда болады. Бірте - бірте аяқ - қолы әлсіреп, дірілдеп, басы ауырып, айналып, ұйқысы бұзылып (ұйқысы түнде қашып, күндіз керісінше ұйқысы келеді), тынышсыздық, тұрақты қызыл дермографизм, тершеңдік, есте сақтау қабылеті төмендейді. Үдемелі астенизация, жалпы әлсіздік, арықтау, шөлдеу, полиуриямен жүреді. Жиі қантсыз диабет табылады. Ауыр жағдайда токсикалық энцефалопатия, энцефаломиелорадикулоневриттер, диэнцефалдық эпилептикалық ұстамалар байқалады. Бас айналу, ауруы тұрақты немесе ұстама тәрізді, есінен танып құлап қалу, психиканың едәуір бұзылыстары - аурулар көңілсіз, тез шаршайды, себепсіз қорқу дабыл қағуымен, галлюцинациямен көрінеді. Жүрек - қан тамырлар жағынан миокардтың зақымдануы, аритмия, брадикардия немесе жиі соғу, гипотония, демікпе дамиды. Асқазан - ішек жағынан: гингивит, стоматит, ауызда металл дәмі, сілекей ағу көріністерімен бірге гастрит, энтерит, гепатоз симптомдары дамиды және бүрек жағынан өзгерістер анықталады. Қанда гипохромды анемия, лимфо - моноцитоз, қант мөлшері, холестерин төмендейді, диспротеинемия байқалады. Несепте сынап табылады (0,03-ден 0,5 мг/л дейін). Аллергиялық бөртпелер, дерматиттер, ісінулер мүмкін. Жедел көмек және емдеуі. Уланудың алғашқы белгілерінде асқазанды жуып, іш айдатқыш дәрілер тағайындалады. Алғашқы тәулікте күніне 3 - 4 рет 5-10 мл 5% унитиол ерітіндісін бұлшықетке, екінші тәулікте күніне 2 реттен, келесі күндері 3 - 7 тәулікте күніне 1 - 2 рет тағайындалады. Жүрегі айну, құсу, тынышсыздық байқалса бромидтер, хлорлы кальций 10% - 10 мл, 10 - 15 рет, барбитураттар, натрий тиосульфат ерітіндісі 30% 10 - 20 мл көк тамырға. Ацидоздық жағдайда 2% - 200 - 400 мл натрий гидрокарбонатық ерітіндісін. Құсу, іш өту болса церукал, мотилиум, дезинтоксикациялық дәрілер тағайындалады. С, В, К, Р витаминдер, 02, ауыз қуысын 3%-тік сутегінің асқын тотығымен (Н2О2) шаю. Жағдайы жеңілдегеннен кейін белдің диатермиясы жүргізіледі. Ауыр жағдайда қанды алмастырып құю, ГКС, гемо диализ, т.б. симптоматикалық емдер жүргізіледі. Созылмалы улануда. Унитиол 5% - 5 мл күніне 2 рет 10 күн беріледі. Д - пеницилламин 0,15 г ішке тамақтан жарты сағат бұрын (кейінгі 0,9-3,0 тәулігіне), 3% Н2О2 шаю немесе 3% бор қышқылымен шаю. Тыныштатын дәрі - дәрмектер, глюконат кальцийі, витаминдер, Са тұздарына бай диета тағайындалады. Хвойлы ванналары, гальваникалық жағалар, санаторлы - курортты емдер (Турксиб, Арасан Капал, Жаңа - Курган, Мацеста, Пятигорск, т.б.) жүргізіледі. Несепте сынап болса, уақытша жұмыстан шығарады, тіпті аз болса да, әрі қарай сынаппен жұмыс істеуге болмайды. Ауыр жағдайда уланғандарды мүгедектікке ауыстырады. Профилактикасы. Барлық аспаптарды, аппаратураларды герметизациялау, СЭ бақылау жағынан жиі тексерулер жүргізу, жұмыс істегенде респиратор қолдану, көз әйнек, комбинизон кию, аэрозольді ингаляциялар қабылдау. Бір ай бойы аптасына 3 рет 5% - 5 мл унитиол ерітіндісін бұлшық етке, витаминдер курсы тағайындалып тұрады.
Мышъяк қосылысты пестицидтер ауыл шаруашылығында негізінен өсімдіктердің саңырауқұлақты ауруларымен, кемірушілерімен күресу үшін қолданылады. Қазіргі кезде жоғары токсикалық персистентті қосылыстарға жататын мышьяк қосылысты пестицидтердің ауыл шаруашылығында қолданылуы шектелген. Кальций арсенаты ақ түсті ұнтақ, суда ерімейді. Шығын нормасы 8 - 12 кг/га тең, ол адам организміне тыныс, ас қорыту жолдары арқылы түседі. Бауырда, бүйректе, сүйекте, тырнақта, түктерде жиналады. Бүйрек, ішек, тері, аздап өт арқылы, ал әйелдерде лактация кезінде сүт арқылы шығарылады. Патогенезі. Мышьяк айқын протоплазматикалық және капиллярлық - токсикалық у. Организмде түскенде сульфгидрил топтарын тежейді. Мышьякқа дитиол ферменттері өте сезімтал. Пирожүзім қышқылының тотығуында қатысатын пируватоксидазаның инактивациясы тіндік тотығу үрдістерінің барысын күрт өзгертеді. Удың әсері нәтижесінде жасуша дәрежесінде алмасуы бұзылып, тез диструктивті өзгерістер дамиды. Капиллярлар қабырғасының парезін туғызып, мышьяк көптеген өмірлік маңызды ағзалардың қоректенуін бұзады. Қанға түсіп, мышьяктық қосылыстар шажырқый капиллярларының парезін туғызып соңынан құрсақ ағзаларының күрт гиперемиясына әкеледі. Тамыр қабырғасына тікелей әсер ететін препараттар тамыр тонусына симпатикалық нерв жүйесі арқылы әсер етеді. Мышьяктың тіндерге улы әсер ету қабілеті бар, бұл кезде негізінен нерв жүйесімен паренхиматозды ағзалар зардап шегеді. Клиникалық көрінісі. Мышьякты қосылыстармен жедел улану, олардың организмге түсу жолдарына байланысты 3 түрінде көрінеді: катаральді, асқазан ішектік, салдық. Катаральді түрі мышьяк қосылыстарының аэрозолі көз бен тыныс ағзаларының кілегей қабатына түскенде байқалады. Бұл түрінде негізінен тыныс жолдары мен көздің кілегей қабатының тітіркену симптомдары, ауызда тәттілеу дәм, кілегей қабаттың гиперемиясы болады. Уланудың ауыр түрінде ас қорыту жолдарының және нерв жүйесінің зақымдану симптомдары, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, құсу, ауызда тәттілеу дәм қосылады. Одан әрі дірілдеу, қалтырау, жүрек тамыр қызметінің төмендеуі болады. Асқазан ішек түрі удың асқазанға кездейсоқ түсуінен дамиды. Уланудың 1 - ші симптомдары умен қатынасу басталғаннан 30 минут немесе 2 сағаттан соң пайда болады. Науқастар ауызда металл дәмінің, тамақ пен өңештің құрғауы мен күюінің болуын айтады. Кейін ауыр құсу ман профузды іш өту қосылады. Нәжістің түрі күріш қайнатпасы тәрізді, қан араласқан. Организм сусызданады. Капиллярлардың күрт кеңеюінен артериялық қысымның түсуі бас айналуымен, көбіне есінен танумен, коллапс құбылыстарымен болатын жедел тамыр жетіспеушілігіне әкеледі. Тері капиллярлары зақымдалғанда көбікшелер мен пустуллалар, кей жағдайда белдемелі теміреткі, терінің ісінуі болады. Салдық (паралитикалық) түрі мышьяк қосылыстары организмге көп мөлшерде түскенде дамиды. Улану күрт әлсіздікпен, дірілдеу - қалтыраумен, соңынан есінен айырылу болатын коллапс, комамен көрініп, 1 - 24 сағаттан кейінгі өліммен аяқталуы мүмкін. Мышьякты миелополиневрит айқын ауыру синдромымен, таралған салданулардың дамуымен сипатталады. Гиперестезиялар ауру сезіммен, тактильді және температуралық сезімталдықтың күрт тежелуімен алмасады. Аяқ пен қол басының парезі, атаксия құбылыстары байқалады. Одан әрі коматозды жағдай дамып, тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарының параличі болуы мүмкін. Созылмалы улану организмге удың аз мөлшерде ұзақ уақыт түскенде дамиды. Созылмалы уланудың симптоматикасы әртүрлі: асқорыту жолында, нерв жүйесінде, жүрек, қан жүйесінде, мидың шырышты қабаттарында, теріде өзгерістер пайда болады. Науқастар тәбеттің жоғалуын, күшті жүрек айнуын, эпигастральді аймақтың ауруы, тұрақсыз дәрет - іш өту мен іш қатудың кезектесуін айтады. Тексергенде стоматит, эпигастральді аймақ пен ішектің бойындағы ауру сезімі, бауырдың үлкеюі табылады. Нерв жүйесі жағынан мышьякты полиневрит көрінісі: аяқ - қолдың дистальді бөліктерінде ауру сезім, сезімталдықтың темендеуі, едәуір қозғалыс бұзылыстары байқалады. Жүрек - қантамыр жүйесінің зақымдануы токсикалық миокардитпен, артериялық гипотониямен көрінеді. Жоғарғы тыныс жолдарында шырышты қабаттың реактивті қабынуы, соңынан астындағы тіндердің жаралануы, некрозы болуы мүмкін, кейде ол шеміршекке дейін барады. Мұрын пердесінің тесілуі мүмкін. Конъюктивит, ринит, трахеит, бронхиттер де көп болады. Мышьякты қосылыстар теріге әсер еткенде дерматиттер, алақанның, табанның гиперкератозы, пигментациясы жиі байқалады. Табан мен алақанның гиперкератозымен қатар, мышьяктык меланодермия, яғни мышьякпен созылмалы улануға тән симптомдар табылады. Шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы т.б. трофикалық бұзылыстар жиі кездеседі. Мышьяк әсерінен тырнақтарда "Месса жолағы" (тырнақта ақ жолақтар) тән. Мышьяк қосылыстарымен созылмалы улану кезінде у организмге салыстырмалы аз концентрацияда түскенде, ауру шамалы уақыт жасырын өтеді. Тек организмнің реактивтілігін өзгертетін қосымша қолайсыз факторлар әсерінен мышьякпен уланудың айқын көрінісі дамиды. Жиі гастрит, дизентерия, эпидермофития, жоғарғы тыныс жолдарының жедел катары - деген диагноздар қойылады, тек типтік мышьяктық полиневрит көріністері болғанда қателік анықталады. Мышьякпен уланғанда қанда В, витамин мен пирожүзім қышқылының мөлшері айтарлықтай төмен болуын ферментативтік үрдістерге әсерімен түсіндіріледі. Емі. Умен қатынасты тоқтату керек. Мышьяк қосылыстары ас қорыту жолына түскенде 1,5 ас қасық күйген магнезийдің 5 стакан қайнатылған салқындатылған судағы ертіндісімен асқазанды жуып (сонымен зонд арқылы 25 - 30 г магнй сульфаты 400 мл суда немесе 100 мл Стражевский антидотын да енгізеді). Мышьяк қосылысты пестицидтермен жедел улануда тез арада 300 мл қанды ағызып жаңа қан құю және глюкоза 5% 500 мл ерітіндісін, аскорбин қышқылымен (500 мг) венаға енгізу, тері ішіне инсулин енгізу жүргізіледі (5-10 бірлік). Антидот ретінде унитиол 5% - 5 мл-ден бұлшықетке сәйкес схема бойынша беріледі. Натрий тиосульфатын 15 мл 30%-тік бұлшықетке, тетацин - кальций 30 мл 10% ертіндісі 500 мл 5 %-тік глюкоза ертіндісінде венаға тамшылатады. Айқын асқазан - ішек бұзылыстарында сусызданумен күрес жүргізу үшін венаға натрий хлоридін изотоникалық ертіндісін енгізеді. Ауыр улануда кортикостероидтық гормондар, гемодиализ, айқын ауыр синдромында - ауруды басушы, ұйықтатқыш заттар тағайындалады. Физиотерапевтік процедуралардан: күкірт сутекті ванналар, новокаинді электроферез, ультракүлгін сәулелендіру қолданылады.
Карбамин қышқылының туындылары (тио- және дитиокарбоматтар) тиімділігі жоғары инсектицид, фунгицид, гербицид бола отырып, қазіргі пестицидтер арасында маңызды орын алады. Олардың ең көп тарағаны севин (карбамат, арилат, денапон), 15-50% дуст және суланатын ұнтақ ретінде қолданылады; олардың тетраметилтиурамдисульфиді дитиокарбоматқа жатады (ТМТД) тұқымдарды улау үшін ұнтақ ретінде қолданылады, орташа токсикалық улы химикат. Организмге түсуінің негізгі жолдары, ол тыныс органдары, тері, ас қорыту жолдары. Патогенезі. Карбамин қышқылдары туындыларының әсер механизмі мускарин және никотин тәрізді әсерімен холинэстеразаның белсенділігінің тежелуімен түсіндіріледі. Сондай-ақ, тотығу - тотықсыздану үрдістерінің, соның нәтижесінде нуклеин қышқылдары алмасуының бұзылуы маңызды орын алады. Паренхиматозды ағзалардың, қан жасаудың, эндокринді бездер мен орталық нерв жүйесінің зақымдануы, генеративтік (ұрық) қызметіне әсер беретіні тән. Клиникалық көрінісі Жедел улану тез дамуымен сипатталады. Парасимпатикалық нерв жүйесінің тітіркену симптомдары пайда болады: қарашықтың тарылуы, аккомодациялық спазмалар, брадикардия, түкіріктің көп шығуы, тершеңдік, бұлшықеттің фибриллярлы тартылуы. Ас қорыту жолы жағынан: құсу, іштің ауруы, іш өту. Кейде бронхтың түйіліп жиырылуы (бронхоспазм) және өкпе ісінуі дамиды. Уланудың басында нерв жүйесінің зақымдану симптомдары: қозу, сонан соң есінің шатасуы, тырысу пайда болады. Карбаматтар теріге, шырышты қабаттарға тітіркендіруші әсер ететіннен дерматит, есекжем, ринит, коньюнктивит Квинке ісінуі т.б. аллергоздар көріністерін жиі береді. Ерекше айқын жергілікті тітіркендіруші әсері бар, ол - ТМТД. ТМТД-мен уланғандар алкоголді көтере алмайды, себебі ТМТД организмде алкоголдің тотығуын тежеп, токсикалық аралық қалдық заттардың жиналуына әкеледі. Созылмалы улануда улану симптомдары аз және олар біртіндеп көрінеді. Субатрофиялық ринит, бронхит, әрі қарай вегетативтік - қантамырлы дистониялық және неврастениялық синдромдар, миокардиопатиялар дамиды. Бұл кезде жиі аяққолдың полиневриттік бұзылыстары мен нейроэндокриндік өзгерістері табылады. Кейде гастродуоденит, колит симптомдары және тік ішектік полипозы дамиды. Шеткі қанда аз дәрежелі гипохромды анемия, лейкопения және тромбоцитопения көріністері байқалады.
Бұл улануда антидоттық және симптоматикалық терапия жүргізіледі.Антидот ретінде холинолитикалық препарттар, әсіресе атропин ұсынылады. Уланудың жеңіл дәрежесінде бұлшықетке 1-2 мл 0,1%-дық атропин сульфаты енгізіледі. Уланудың айқын түрінде оның мөлшерін 5 мл-ге дейін өсіруге болады. Инъекцияны әрбір минут сайын бронхспазма және өкпе ісігі, миоз тиылғанша, тіпті атропиннің дозадан асып кету белгілері пайда болғанша (шырышты қабаттардың құрғауы, көрудің уақытша бұзылуы) қайталайды. Сондай-ақ тері астына 1 мл 0,05% прозерин ертіндісі, ішке тропацин таблеткасын (0,01г). Сонымен қатар, венаға 40%-тік 20 мл глюкоза ертіндісі, 5% - 4:5мл аскорбин қышқылымен және В тобындағы витаминдер қолданылады. Жүрек қантамыр препараттары тағайындалады: жүрек гликозидтері, 1 мл 10% кофеин ертіндісі, 2 мл 25% кордиафш немесе сульфакамфокаин ертіндісі және оттегі мен карбоген. Созылмалы улануда холинолитиктер витаминдермен, седативті заттармен және физиотерапиялық шараларды қабаттастыру тиімді. Нитрофенолдық пестицидтермен улану. Бұл пестицидтер фунгицид, гербицид, инсектицид ретінде қолданылады. Ең көбірек қолданылатыны ДНОК-4,6-динитроортокрезол (синокс, селинон), жоғары токсикалық ашық сары ұнтақ және каратан (аратан, кротонат), динитрооктилфенилкротонат қоңыр сұйықтықтар, суда ерімейді, токсикалылығы орташа. Негізінен тыныс ағзаларымен, зақымдалмаған тері арқылы организмге түседі. Бүйрекпен шығарылады. Патогенезі. Барлық нитрофенолдық пестицидтер жақсы метгемоглобин түзуші болып саналады, паренхиматоздық мүшелер мен нерв жүйесін зақымдайды. Нитрофенолдар жасушаларда тотығу үрдісін жоғарылататын, фосфорилендіру үрдісін тежейтін қабылеті бар. Олар және тері мен шырышты қабаттарды тітіркен-діреді. Әсіресе ыстық күнде улану қауіпті, өйткені тері мен шырышты қабат арқылы оның сіңірілуі жақсарады. Олардың токсикалық әсерінің негізінде, жоғарыда келтіргендей жасушалардың тотығу үрдістерін ынталандыратыны, ал фосфорилендіруді төмендететіні жатыр. Бұнда жылу өндіру үрдісі күшеюінен жылуды реттеу бұзылады. Сондықтан нитрофенолдармен жедел улану "жылу өту" (тепловой удар) сияқты жүреді. Патологиялық - анатомиялық көрінісі. Тез арада бұлшықет - тердің сақайып қатып қалуы, терінің, тыныс алу жолдары шырышты қабаттарының сарғыштануы, май тінінің қоңырлау түске боялуы, ішкі ағзалардың құрғауы байқалады. Өкпе мен мидың ісінуі анықталады. Жүректе, бауырда, бүйректе, көкбауырда толақандылық, қантамырларының кеңеюі байқалады. Клиникалық көрінісі. Жедел улану у мен қатынастан кейін бірнеше күн өткен соң дамуы мүмкін. Жедел уланудың негізгі симптомдарына әлсіздік, шаршағыштық, бас ауруы және жүрек айну, құсу, іштің ауруы, іш қату диспепсиялық бұзылыстар жатады. Дене қызуы 38-390С-ға дейін көтеріледі, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, гипотония. Орта дәрежелі улануда гемолиз бен метгемоглобин түзу үрдісі қарқындырақ жүреді. Бауыр, бүйрек зақымдану симптомдары орын алады (токсикалық гепатит, токсикалық нефрит), тершеңдік. Ауыр түрде уланғанда қатты қызба, "жылу өту" көрінісі, есінің бұлыңғырлануы, тахикардия, ентігу, эйфория анықталады. Бірақ улану кезінде де зардап шегушінің шағымдары аз болады. Метгемоглобин түзілуі тері жабындыларының диффузды цианозына әкеледі, гипоксия күшейеді, тері сарғаяды. Тез арада тырысу, кома дамып кейде өлімге әкелуі мүмін. Қанда арнайы өзгерістердің болуы тән жиі сүт қышқылы мен ацетон пайда болады. Неврит, тері бөртпелері болуы мүмкін. Созылмалы улануда вегетоастениялық синдром тұсында, тез жүдеу, парестезиялар, естудің төмендеуі, кейде катаракта дамиды. Аллергиялық дерматит, гипертермия температураның өте жоғары көтерілуімен және тершеңдік, әлсіздікпен керінеді. Нитрофенолдық туындысы бар өндірісте жұмыс істеушілердің терісі, шашы, коньюнктивасы сары түске боялады. Созылмалы гастрит, гепатоз, кардиалдық синдром, зат – алмасу үрдісі күшейеді. Қанда гипохромды анемия, нейтропения, тромбоцитопения, эозинофилия, ЭТЖ жоғарлайды. Кей жағдайда Гейнц денешіктері табылады. Емі. У ішке түскенде асқазан - ішекті жуу, іш өткізуші тұзды дәрілері қолданылады. Жедел уланғанда венаға метилкөгі 1% -25-50 мл, 40% 20 мл глюкоза ертіндісі мен 300 мг аскорбин қышқылы венаға жіберіледі. Ауыр уланғанда 250 - 300 мл қанды жіберіп, соңынан венаға 40% 20 мл глюкоза және қан қүю көзде-леді. Гипертермияны азайту үшін салқын сусынды ішу, салқын ванналар қабылдау жөн. Сондай-ақ стероидтық гормондар, фор-сирлеяген диурез, қозу кезінде 0,5% 2-5мл аминазин бүлшықет-ке, хлоралгидрат клизмасы жасалады. Улануды созылмалы түрінде науқастар диспансерлік тірксуге алынып, керекті база-лық терапия жүргізіледі, оларға да 40%-20мл глюкоза аскорбин қышқылымен (ЗООмг), витамин В1 (50мг) үзақ және қайталанатын, седативті ем жүргізіледі. Майлы тағамдар шектеледі. Профилактикасы. Пестицидтермен улануды алдын алуда мыналар жүргізілуі тиіс: еңбек гигиенасы мен жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау; тағам өнімдерін улы химикаттар түсуінен қорғау; су, топырақ, ауаны санитарлық қорғау органдары бақылау профилактикалық шараларын ылғи жүргізіп тұруы қажет. Осымен қатар, респираторлық қорғаушы көзілдірік, резина қолғаптар мен арнайы киімдер қолданылады Және де күнделікті душ қабылдап, киім ауыстыруға жұмысшы міндетті. Көпшілік профилактикалық шаралар қолайлы метеожағдайларда (желсіз, ылғалды салқын күндері) жүргізілуі тиіс. Жеке пестицидтердің улы қасиеттері туралы және қорғану шаралары туралы міндетті түрде жұмысшылармен инструктаж өткізіп тұру керек.
Бұл топтағы пестицидтерге мыс купоросы (тотаин), күкіртті қышқыл мыс, бордос сұйықтығы (мыс купоросы мен әк сүті), мыстың хлорлы қышқылы және мыстың үшхлор фенолы жатады. Осы пестицидтерді фунгицит ретінде өсімдіктерге сеуіп, дәнді ұрықты уландыруға қолданады. Патогенезі. Мыс препараттары ағзаларға түсіп, белоктармен қосылып, альбуминаттар жасайды. Бұлар жергілікті тіндеріне және сілекей қабықшаларға тұтастырғыш (вяжущая) және күйдіргіш әсерін береді. Олар жалпы токсикалық, әсіресе гемолитикалық, капилляротоксикалық әсерін тигізеді. Клиникалъщ көрінісі. Удың ағзаға түсу жолына байланысты. Мыс қосылыстары бар пестицидтер тыныс жолына түскенде "мыс улану" безгегі, әлсіреу, аяқ бұлшықетінің ауырғаны, тахикардия және гипотониямен көрінеді. Бұл өзгерістер тыныс жолымен бронхтың шырышты қабаттарының тітіркенуімен, темперетураның көтерілуімен, мұрыннан қан кетуімен ұстама тәрізді жөтел жиі жасыл - көкшіл қақырықпен жүреді. Улар асқазанға түскенде біріншіден диспепсиялық бұзылыстар (жүректің айнуы, құсу, сілекейдің көп бөлінуі), ауызда металды дәм, іште ұстама тәрізді ауру сезімі және қанды іштің өтуі. Нәжіс көп жағдайда қара түсті болады. Ауыр улануларда бауырдың зақымдалуы, гемолитикалық анемия, гематурия, диффузды некрозды нефроз дамиды. Мыс дифосфаттары теріге түскенде дерматит, экзема байқалады. Шаш, беттің терісі және шырышты қабаттары жасыл, көкшіл сары немесе көкшіл қара түске боялады.
Препараттар асқазан - ішек жолдарына түскенде адсорбенттер енгізіледі (активтендірілген көмір немесе 0,1% калий перманганаты), асқазанды жақсы жуу қолданылады, суды, сүт пен белок суын көп мөлшерде береді. Мыс бөлініп шығу үшін комплексондар қолданылады. Кальций тетацин, унитиол веяаға бірнг-ше күн бойы беріледі. Іштің қатты ауырғанында грелка, жылу қолданылады. Атропин немесе наркотикалық дәрілер (промедол, морфий) жағдайға қарай беруге болады. Егер улар тыныс жолына түссе симптоматикалық ем жүргізіледі: жылы су, терлеткіш және зәр айдағыш заттар беріледі. Токсемияға қарсы поливинилпиролидон (гемодез) венаға тамшылатып 200 - 400 мл, реополиглюкин 400 мл қолданылады. Керекті жағдайда жүрек – қантамырлар жүйесін жақсартатын заттар, кортикостероидтар беріледі. Майлы тағамдар берілмейді.
Улы химикаттармен жұмыс істегендер келесі талаптарды қадағалау қажет:
1. Улы химикаттар өндірісі тұрғын үйлерден, су, азық - түлік қоймаларынан 200 м қашықтықта орналасуын сақтау;
2. Өсімдіктерді өңдеу тек жел аз немесе тынық кезде рұқсат етіледі;
3. Мүмкіндігінше топыраққа улы химикаттардың төгіліп шашылуының алдын алу;
4. Улы химикаттардың қалдықтарын арнайы ыдысқа салып, жақсылап зарарсыздандыру;
5. 18 жасқа толмағандар, жүктілер, емізетін әйелдер, аллергиясы немесе анемиясы бар, асқазан, бауыр, өт жолдарының аурулары бар адамдар улы химикаттармен жұмысқа жіберілмеуі тиіс;
6. Жұмысқа тұратындар алғашқы медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі және инструктаж алуы тиіс.
МӘС-шылары жұмысшылардың еңбекке қабылеттілігінің жоғалту дәрежесін белгілейді және жұмысқа рационалды тұрғызуға көмектеседі. Жедел уланударда ауруханада емделген нәтижесін, кейін емхана профилактикалық жағдайда жоғалған функцияларын қалпына келтіруді қадағалайды. Жақсарған жағдайда жұмысшылар кейін қайта сол жұмысқа жіберіледі. Еңбек қабылеттілігі жоғалғандарға мүгедектік тобын белгілейді (науқастың пайдасына).[1]