Помази (фр. bombasin; орыс. бумазея, бомбазин) — қалың, жұмсақ түкті мата. Матаның помази атауы ХХ-ғасырдың екінші жартысында қолданыстан шығып қалып, көбінесе байка, фланель деген атпен белгілі. Помази жұмсақ және жылы болуына байланысты, көбінесе іш киім, нәрестенің жөргек-жаялықтарын тігуге қолданылған. Сонымен қатар помази жұмсақтығына байланысты шұлғауға да пайдаланған.[1]
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |