Преноксдиазин (Либексин, Libexin) — жөтелге қарсы дәрілік зат.
Бір 100 мг таблетканың құрамында:
Әсер етуші заттар асқазаннан жылдам және жақсы сіңеді. Қандағы ең жоғары деңгейіне қабылдағаннан кейін 30 минуттан соң жетеді, ол кезде, қан плазмасындағы терапиялық деңгейіне 6-8 сағат аралығында жетеді. Орташа алғанда, преноксдиазин алғашқы сағатта қан плазмасының ақуыздарымен 55-59% байланысады. Жартылай шығарылу кезеңі 2,6 сағат. Қабылданған дозаның ең көп бөлігі бауырда метаболизденеді, шамамен ⅓ бөлігі өзгермеген түрде бөлінеді, препараттың қалған бөлігі төрт метаболит түрінде бөлінеді. Препараттың организмде метаболиздену процесіне оны қабылдағаннан кейін алғашқы 12 сағатта өт сөлінісі маңызды рөл атқарады. Енгізілген дозаның 93% 24 сағатта организмнен шығады, қабылдағаннан кейінгі 72 сағат бойына 50%-74% нәжіспен және 26-50% несеппен шығарылады.
Препараттың жөтелге қарсы әсері бірнеше механизммен іске асады. Тыны салу жолдары шырышты қабаттарының шеткергі сезімтал рецепторлары қозғыштығының төмендеуі салдарынан препарат жергілікті жансыздандырғыш әсер етеді. Өкпе қысымының қозғыштығын төмендету жолымен препарат тікелей бронхолитикалық әсерді туындатады (тарылған бронхты босаңсытады). Препарат сонымен қатар аз дәрежеде жөтелу орталығының белсенділігін төмендету салдарынан тыныс алудың күйзелуін туындатпастан орталық әсер етеді. Әдеттенуді және дәріге тәуелділікті туындатпайды. Тыны салу қызметін жеңілдетеді және қақырық бөлінуіне әсер етеді. Жөтелге қарсы әсері 3-4 сағатқа жалғасады.
Ересектерге арналған орташа доза күніне үш немесе төрт рет 100 мг-ні құрайды (1 таблеткадан күніне 3-4 рет), едәуір күрделі жағдайда доза 200 мг-ге дейін үш-төрт немесе 300 мг-ге дейін күніне 3 ретке дейін арттырылуы мүмкін (2 таблеткадан күніне 3-4 рет немесе 3 таблеткадан күніне 3 рет).
Балаларға арналған орташа доза жасы мен дене салмағына байланысты тиісінше төмен болады. 14 айлық балаларға (немесе дене салмағы 10 кг) ұсынылатын доза күніне үш-төрт рет 25 мг-ні құрайды (таблетканың төрттен бір бөлігі). 15 айдан бастап 6 жасқа дейінгі балаларға (немесе дене салмағы 10-20 кг) ұсынылатын доза күніне үш рет 50 мг-ні құрайды (жарты-таблетка).
Бронхоскопияға әзірлеген кезде дене салмағының әр келісіне 0,9 - 3,8 мг дозаны емшара басталғанға дейін 1 сағат бұрын 0,5 - 1 мг атропинмен біріктіреді.
Балаларға арналған ең жоғарғы бір реттік доза – ½ таблетка, ересектер үшін – 3 таблетка. Балаларға арналған ең жоғары тәуліктік доза – 2 таблетка, ересектер үшін – 9 таблетка.
Емдеуден асатын дозаны қолданған кезде тыныштандырғыш әсер мен қажығыштық пайда болуы мүмкін, олар қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан соң ілезде басылады.
100 мг таблеткалар №20 ПВХ/алюминий блистерде.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |