Пьер Семар

Семар Пьер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Семар Пьер - (15. 2. 1887, Верден-сюр-ле-Ду, - 7. 3. 1942, Эвре)- француз жұмысшы қозғалысының қайраткері. Мамандығы жөнінен теміржолшы- жұмысшы. 1916 жылдан Социалистік партия мүшесі. Француз Компартисын ( ФКП, 1920ж. негізі қаланған) құрушылардың және оның басшыларының бірі. 1922ж. Мәскеуде болып, В. И. Ленинмен кездесті. 1924 жылдан ФКП ОК-нің және ОҚ Саяси бюросының мүшесі, 1924-30ж. ФКП бас секретары және Коминтерн Аткомының мүшесі. 1921-22ж. теміржолшылар кәсіподағының, 1933-36 ж. теміржолшылардың унитарлық кәсіподағының бас секретары. 1936 жылдан Франция және Алжир теміржолшылары біріккен федерациясының мүшесі. 1939 ж. қазанда тұтқындалып, 3 жыл түрмеде отыру жазасына кесілді. «Виши» үкімет орындары неміс- фашист басқыншыларының қолына беріп, олар Семарды атып өлтірді. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 112-бет