Красиков Петр Ананьевич (партиялық бүркеншік аты – Игнат, Павлович) (17.10.1870, Красноярск, - 20.08.1939, Железнозодск) – совет мемлекет және партия қайраткері. 1892 жылдан Компартия мүiесі. 1891 жылы Санкт-Петербург университетінің физика-математика факультетінде, кейін заң факультетінде оқыды. 1892 жыды Санкт-Петербургте революция қазметке араласты. Сол жылы Швейцарияға кетіп, онда «Еңбекті азат ету» тобымен байланыс жасады. 1893 жылы Петропавл қамалына қамалып, кейін Красноярскіге жер аударылды. 1897 жылы айдауда жүріп В. И. Ленинмен танысты. 1900 жылы айдаудан босанып, Псковке келді, мұнда искрашыл топта істеді, лениндік «Искраның» агенті болды. 1924 жылдан КСРО Жоғарғы Сотының прокуроры. 1933-1938 жылы КСРО Жоғарғы Соты председателінен орынбасары. КСРО Конституциясын жасау жөніндегі комиссия (1936) мүшесі.