Піскем жуасы | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Allium pskemense B.Fedtsch |
Піскем жуасы (лат. Allium pskemense) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өсімдік.
Мәртебесі: таралу аймағы қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Батыс Тянь-Шань эндемигі. Талас Алатауы (Кіші Ақсу, Үлкен Ақсу, Ақсу өзені аңғарларында) және Угам жотасында (Пияздысай өзені аңғары) кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстан мен Қырғызстанда таралған. Жартастар жарығында, шөгінді тастарда, малта тасты арналарда, теңіз деңгейінен 2400м биіктіктегі тасты баурайдың аршалы белдеуінде өседі. Ірі сабақты түр (биіктігі 1 метрге дейін), пиязшығы үлкен, салмағы 70 грамға жетеді. Гүл шоғыры дерлік шар тәрізді, көптеген ақ гүлдерден тұрады. Пиязшығының жылда вегетативті көбеюінің нәтижесінде топ болып өседі. Мұндай топта өркендер саны18-30-ға жетеді, орташа тығыздығы бір шаршы метрде 10 өркенге дейін болады. Алдыңғы жылдарда пиязшығын орынсыз көп жинау нәтижесінде саны қысқарып отыр. Тағамдық және дәрілік шикізат ретінде қап-қап қылып жинаған. Қорықтар ұйымдастырғаннан кейін түр популяциялары қалпына келді. Мәдени түрде жақсы өседі, Қазақстан мен Өзбекстанның көптеген тұрғындары оны мәдени түрде бақшаларында өсіреді. Тұқымынан өссе, үшінші жылы гүлдейді. Тұқымның өнуі өте ұзақ, тез өскенде екі жылда, жай өссе үш жылда көктеп шығады. Сәндік өсімдік ретінде мәдени өсіруге ыңғайлы. Аязға төзімді бақша пиязын алуда сұрыптау үшін қолданылады. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Кездесетін барлық популяцияларын ерекше қорғауға алып, бақылау жасау керек, яғни түрді бұрынғы өскен жерінде қайта өсіру шараларын іске асыру қажет.
Дереккөздер: «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» Қызыл кітап беттерінен. А.А.Иващенко. Алматы 2006 жыл