Піскен сүт — өңделген сүттің түрі. Оны қайнатып, бірнеше сағат бойы қыздыру арқылы жасалады.
Бұл өнім шығыс славян ұлттары арасында тараған. Орыстар оны топлёное молоко, украиндар пряжене молоко, беларустар адтопленае малако деп атайды.
Бұрын оны жасау үшін қайнаған сүті бар құманды орыс пешіне салып, бір күнге немесе бір түнге бәсең отта қалдыратын. Сонда ылғалдың көбі буланып, сүттің консистенциясы өзгеретін, оның бетінде қоңырқай қапшық түзелетін. Көп қызғандықтан сүттің аминқышқылдары қантпен қосылып, меланоидин түзетін, ол сүтке ерекше түс пен карамельді иіс беретін.[1]
Піскен сүтті сусын ретінде де, қаусырмалар пісіргенде де пайдаланады. Оны ашыту арқылы ряженка мен варенец жасайды.
|