Қазақстан ауданы | |
Райымбек ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
11 |
Ауыл саны |
20 |
Әкімі |
Берік Дүйсенбаев[1] |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, №22 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
43°01′06″ с. е. 79°13′25″ ш. б. / 43.01833° с. е. 79.22361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°01′06″ с. е. 79°13′25″ ш. б. / 43.01833° с. е. 79.22361° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1936 |
Жер аумағы |
7 119[2] км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
29 200[3] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (98,93%), ұйғырлар (0,84%), қырғыздар (0,08%), орыстар (0,06%), басқалары (0,09%)[4] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
041400-041432[5] |
Автомобиль коды |
05 |
Райымбек ауданы — Алматы облысының қиыр оңтүстік-шығысында орналасқан аумақтық-әкімшілік бөлік. Орталығы – Нарынқол ауылы.
Солтүстігінде Ұйғыр ауданымен, батысында Кеген ауданымен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.
Аудан биік таулы аймақта, Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан облыстың ең көркем жерлерінің бірі. Аймақтың оңтүстік бөлігінде тау жоталары Теріскей Алатауы жүйесі жатыр. Тау шыңдарының абсолютті биіктігі теңіз деңгейінен 7010 метрге дейін. Ең биік нүкте - Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Хан Тәңірі шыңы (7010 м). Хан Тәңірі туралы алғашқы ғылыми мәліметтер 19 ғасырдың ортасында, 1856-1857 жылдары орыс географы және саяхатшысы П.П. Семенов-Тянь-Шанскийдің Тянь-Шаньға саяхаты кезінде пайда болды. Бірақ ол Хан-Тәңірін іздеу барсында шыңдарды шатастырып, бұл атауды күн батқан кезде таудың шыңы қызыл түске боялғандықтан жергілікті тұрғындар оны Қанды тауы (Қантау - қазақтар мен Кантоо - қырғыздар) деп атайтын тауға берген. Нағыз Хан Тәңірі кеңестік топографтармен 1943 жылы ғана ашылып, Жеңіс шыңы деп аталды. Аудан түрлі пайдалы қазбаларға бай; алтын (Жарқұлақ кен орны және Баянкөл өзенінің бассейнінде), қорғасын, мырыш (Тұйық кен орны), көмір (Ойқарағай кен орны), түсті және сирек металдар (Қарағайлы, Ақтас кен орны). Аймақтағы ең ірі өзендер - көптеген салалары бар Шарын, Шілік, Текес, Баянкөл.
Аймақтың фаунасы бай әрі алуан түрлі:аңдардан қасқырлар, түлкілер кең таралған, барыс, сілеусін, аю; жануарлардан арқар, тау ешкісі (таутеке), марал, суыр; құстардан тау күркетауығы, тау кекіліктері бар.
Ежелгі сақ дәуірінің, үйсіндер мәдениетінің белгілері қалған Қарашоқы, Таңбалы тас, Тұйық, Ақтастының алтыны, Байынқол мен Шалкөденің көнерген алтын кеніштері, Жібек жолы, Шығу, Құмтекей қаласының орындары бар. Шоқан Уәлихановтың Қашқарға сапары осы өңір арқылы өткен. Уәлиханов өзінің күнделігінде бұл аймақтың ерекше орны - Шартас тауы туралы дерек қалдырған.
1997 жылы Нарынқол мен Кеген аудандарының біріктірілуінен Райымбек ауданы құрылды. Бұл таулы өңірге өзіндік қиындықтарын ала келді. Ел-жұрттың, әсіресе, шекараға жақын жердегі мекендерін тастап, аудан орталығына, Алматы қаласына қарай көшуіне алып келді. Нарынқол 1936 жылдан 1997 жылға дейін аудан орталығы болды. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы ең шеткі аймағы, Кегеннен шығысқа қарай 98 шақырым жерде, Нарынқол мен Байынқол өзендерінің қосылған тұсында, Меридианальный жотасының солтүстік баурайында, тау алдының қоңыржай ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. 2004 жылғы мәлімет бойынша Нарынқол ауылында 8,8 мың адам тұрды. Бұл елді мекеннің іргесі 1872 жылы аңшылар тұрағы ретінде қаланған.
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989[6] | 1999 | 2009[7] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
13439 | ▲22742 | ▲43901 | ▲48104 | ▲51449 | ▲83093 | ▼43626 | ▼29941 |
Аудан халқының саны 41 732 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (98,92%), орыстар (0,08%), ұйғырлар (0,84%), қырғыздар (0,06%), басқалары (0,10%).
Аудандағы 20 елді мекен 11 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жамбыл ауылдық округі | 3114 | ▼2292 | 73,6 | 1618 | ▼1233 | 76,2 | 1496 | ▼1059 | 70,8 |
Қайнар ауылдық округі | 3241 | ▼1746 | 53,9 | 1670 | ▼917 | 54,9 | 1571 | ▼829 | 52,8 |
Қақпақ ауылдық округі | 3321 | ▼2127 | 64 | 1697 | ▼1164 | 68,6 | 1624 | ▼963 | 59,3 |
Қарасаз ауылдық округі | 2803 | ▼2256 | 80,5 | 1430 | ▼1211 | 84,7 | 1373 | ▼1045 | 76,1 |
Нарынқол ауылдық округі | 8008 | ▼6298 | 78,6 | 3949 | ▼3272 | 82,9 | 4059 | ▼3026 | 74,6 |
Сарыжаз ауылдық округі | 5165 | ▼3662 | 70,9 | 2599 | ▼1949 | 75 | 2566 | ▼1713 | 66,8 |
Сүмбе ауылдық округі | 4832 | ▼3625 | 75 | 2431 | ▼1877 | 77,2 | 2401 | ▼1748 | 72,8 |
Тегістік ауылдық округі | 1493 | ▼1058 | 70,9 | 752 | ▼548 | 72,9 | 741 | ▼510 | 68,8 |
Текес ауылдық округі | 4911 | ▼2667 | 54,3 | 2423 | ▼1360 | 56,1 | 2488 | ▼1307 | 52,5 |
Ұзақ батыр ауылдық округі | 3129 | ▼2009 | 64,2 | 1634 | ▼1077 | 65,9 | 1495 | ▼932 | 62,3 |
Шалкөде ауылдық округі | 3609 | ▼2201 | 61 | 1857 | ▼1168 | 62,9 | 1752 | ▼1033 | 59 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 43626 | ▼29941 | 68,6 | 22060 | ▼15776 | 71,5 | 21566 | ▼14165 | 65,7 |
1936 жылы Кеген ауданынан бөлініп шыққан Нарынқол ауданын мына кісілер басқарды (басқарған жылдары нақты емес): Т. Тойбаев, Туркин, Несіпбеков, Қосаев, Айдапкелов, Будкин, Бодамбаев, соғыс жылдары С. Құнанбаев, Н. Бейсенбаев, Р. Ахмедов, А. Ахмедияров, одан кейінгі жылдары Р. Мақашев, Т. Кәрібжанов, Ү. Нұрғазиев, С, Дастихунов, Р. Тазабеков, Ш. Есенаманов, Е. Маханбетов, Т. Тоқсейітов, Баймаханов, Б. Сабаншиев, Ұнасбаев, М. Әшімбаев, Ы. Бектұрсынов сынды азаматтар осы ауданды басқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында жұмыс жүргізді.[9]
Көлсай көлдері және Қайыңды ұлттық саябағы, Шарын шатқалы, Шоғансай шатқалы, биік таулы Тұзкөл көлі, Қазбек Валиевтің "Хан-Тәңірі" Халықаралық альпинистік лагері және тағы басқалары.
|
|