Ранг[1] — белгілі бір мемлекеттік қызметкерлерге берілетін дәреже. Мыс., теңіз флотында бірінші, екінші Р. капитаны атақтары бар;
Ранг, математикада — матрица минорларының нөлден өзгеше ең жоғарғы реті. Р. матрицаның сызықтық тәуелсіз жолдарының (немесе бағаналарының) ең үлкен санына тең. Элементар түрлендірулер (жолдарының немесе бағаналарының орнын өзара ауыстырғанда, жолдарын немесе бағаналарын нөлден өзгеше санға көбейткенде немесе оларды өзара қосқанда) кезінде матрица Р-ісі өзгермейді. Ұқсас матрицалардың Р-ісі бірдей болады. Егер сызықтық теңдеулер жүйесінің коэффициенттерінен құрылған матрицаның Р-ісі матрицаға теңдеудің бос мүшелерін баған етіп қосқаннан өзгермесе, онда сызықтық теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |