Рауан Исалиев (13 мамыр, 1988 жыл, Орал қаласы)— Қазақстан допты хоккей ұлттық құрамасы мүшесі, Орал допты хоккейінің түлегі, шабуылшы-жартылай қорғаушы, бойы - 181 см.
2011-2012 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Ресей чемпионатының суперлигасында өнер көрсететін Нижний Новгородтың «Старт» командасының үздік ойыншысы атанды. Қазақстан ұлттық құрамасын Алматыда өткен 2011 жылғы әлем чемпионатында капитан ретінде айдынға бастап шығып, қола жүлдегер атанған. “Старт” командасының бас бапкері Алексей Дьяковтың сөзіне қарағанда, Рауан енді өзіне әлдеқайда жақсы жағдай жасағалы отырған Новосібір қаласына жол тартып, суперлигада 6-орынды иеленген “Сибсельмаштың” намысын қорғамақшы.
«Ақжайық» (2002-2008), «Водник» (2008-2009). Ресей жоғарғы лигада 19 матч ойнап 12 доп салған. Ресей кубогында 12 матч ойнап 4 доп салған. Ресей біріншілігінде бірінші лигада «Ақжайық» сапында алты маусымда 67 гол соқты. Қазақстан құрамында 17 матчта 13 доп соқты. Ресей Федерациясы сыйлығы үшін бірінші лига турнирінде жеңімпаз (2007). 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары чемпионы, әрі үздік шабуылшысы.