РЕО ( RHOEO РЕО) – коммелиндер тұқымдасына жатады. Отаны – Мексика және Антил аралдарының ылғалды тропикалық ормандары. Традесканцияның жақын туысы, бірақ сырт пішіндері бір-біріне ұқсамайды. Реоның жалғыз бір түрі ғана Қазақстанда бөлме гүлі ретінде өсіріледі. Жапырақтары сабаққа жанаса орналасқан. Жапырағының беткі жағы қою жасыл түсті болып келеді де, астыңғы жағы көк күлгін түстес. Гүлдері майда ақ түсті. Ол жапырақтарының арасында, сабаққа жақын жерде орналасады. Гүлі “қайық” секілді гүлсағағының ішінде орналасқан.
Тек жаздың ыстық айларында ғана тіке түскен күн көзінен қалқалау қажет, басқа уақытта жарықта жақсы өседі. Жарық жетіспесе түссізденіп кетеді.
Қыста 16 ºС төмен болмауы керек.
Жазда молынан жиі, қыста сирек суғарады.
Ылғалдылықты жақсы көреді. Су бүркіп тұру қажет.
Көктем-жаз айларында әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Ақ ұнтақ құрты, щитовка және өсімдік битімен ауруы мүмкін.
Түбін бөлу немесе жанама өскіндері арқылы көбейтеді.
"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727