Ресей Федерациясының Еңбек Ері (орыс. Герой Труда Российской Федерации) — Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты, Ресей азаматтарына мемлекет пен халық алдындағы ерекше қызметі үшін беріледі.
Марапат 2013 жылдың 29 наурызында президент Путинның 294-Жарлығымен бекітілді.[1][2]
Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, бұл атақ жыл сайын беріледі және Көктем мен еңбек күніне арналады.[3]
2023 жылдан бастап Ресей Федерациясының Еңбек Ерлеріне ай сайынғы ақшалай төлемдер 61,566.28 рубль мөлшерінде белгіленді.[4]