Роберт фон Пёльман(31.10.1852,Нюрнберг-27.9.1914,Мюнхен) — көне заманды зерттеуші неміс тарихшысы. 1884 жылдан Эрланген, 1901 жылдан Мюнхен жоғары оқу орындарында профессор. Оның еңбектерінде ежелгі дүниенің экономикалық әсіресе әлеуметтік тарихының мәселелері зерттелген. Ол көне замандағы әлемуттік идеяларды ең кедей топтардың әлеуметтік күресімен және талаптарымен салыстырды. Ол Грекия мен Римдегі әлеуметтік күрес көне өркениеттің құрыуна әкеліп соқты деп дәлелдемек болды. Оның пікірінше мемлекеттегі ішкі ара салмақты тек таптан жоғары тұратын монархия ғана қалпына келітре алады. Мысалы: ол ежелгі замандағы әлеуметтік күресті қазіргі заманғы пролетариаттың әлеуметтік күресімен бірдей деп санады.
Қазақ энциклопедиясы