Роетозавр — шамамен 181 - 175 миллион жыл бұрын орта Юра кезеңінде өмір сүрген зауропод динозавр. Оның мойыны ұзын, басы – төртбұрышты, денесі — ірі. Сүйектері Австралияның Квинсленд деген жерінен табылған. Динозаврдың Орта Юра кезеңінде өмір сүрген роетозавр — брауней деп аталатын түрінің қаңқасы Австралия жерінен толықтай қазылған әрі әлемдегі ең ежелгі, бірегей зауропод. Оның артқы аяқтары, жамбас сүйектері, 28 құйрық омыртқасы, 7 кеуде омыртқасы, қабырғасының кейбір бөліктері және екі мойын омыртқасы қазылды.