Рокхилл Вильям Вундвилл (Мамыр 1, 1854 – Желтоқсан 8, 1914) – АҚШ-тың дипломаты, американың шығыс зерттеушісі. Францияда оқыған. 1884 – 88 жылдары АҚШ-тың Пекиндегі елшілігінің 2-хатшысы. 1888 жылы отставкаға шықты. Лхасаға бару мақсатымен Тибетке 2 рет (1888-1889 және 1891-1892) сапар шекті. Тибет өкіметі рұқсат бермеуіне байланысты ойын толық жүзеге асыра алмады, дегенмен Қытайдың, әсіресе Тибеттің өзі болған жерлерінен географиялық және этнографиялық мәлімет жинады. Олардың жарық көруі (1831, 1894 және 1895) Рокхиллдің атын шығарды. Орыс тілінде оның алғашқы саяхатының толық жазбасы және екінші сапарнамасының мазмұны басылып шықты. [1]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |