Руслан Мырсатаев (Қырғызстанда туған)— қазақ әуесқой боксшысы, 91+кг салмақ дәрежесінде (бойы 186 см) Әлемдік Бокс Сериясында «Астана Арландары» команда сапында өнер көрсетеді. Бокстың алдында футболмен айналысқан, сосын екі жыл самбоға қатысып ол жақтан нәтиже шығара алмаған соң 17 жасында боксқа ауысты. Алғашқы жаттықтырушысы – Владимир Рослов (Кеңес кеңістігіне әйгілі болған маман). 2005 жылы Қырғызстанның атынан Азия біріншілігіне қатысып, жақсы өнер көрсетті. Сол жылы әлем чемпионатында ширек финалға жеткен. Одан бері Қазақстанға көшіп осы ел атынан өнер көрсетуде. АИБА тарапынан 2012 жылғы «WSB дәрежесі бойынша жылдың үздігі» деп танылған.[1]