Рөл

Рөл, роль (фр. roie — түйіншек, бума, тізім) — 1) драматургтың немесе сценарийшінің пьесада (киносценарийде) бейнелеген әдеби образы; осының негізінде актердің спектакльде (фильмде) жасаған образы. Рөл комедиялық, трагедиялық, драмалық, трагикомикалық, т.б. бөлінеді. Бірінші (басты, негізгі, орталық) және екінші (қосалқы), сондай-ақ эпизодтық (спектакльдің жеке көріністеріне қатысатын) рөлдер де болады. Музыкалық театрда рөлді партия деп те атайды. 2) Пьесадағы әрбір кейіпкер сөзінің жиынтығы. [1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8