Сайрамсу өзені | |
---|---|
![]() | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 76 км |
Су алабының ауданы |
1060 км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Бөгем жотасы |
• Координаттары | 42°12′15″ с. е. 70°22′49″ ш. б. / 42.20417° с. е. 70.38028° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Арыс өзені |
Орналасуы | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Түркістан облысы Төле би, Сайрам аудандары |
Сайрамсу, Сайрам – Арыс алабындағы өзен.
Түркістан облысы Төле би, Сайрам аудандары жерімен ағады.
Ұзындығы 76 км, су жиналатын алабы 1060 км2. Мартөбе ауылы тұсында өзеннен Қызылсу суару жүйесі, каналдар тартылған. Бөріжар саласы Бадам өзеніне құяды. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Алабы жайылым. Суы егін, мал суаруға пайдаланылады. Өзен бойында Қасқасу, Тасарық, Көксәйек ауылдары орналасқан.
Өгем жотасындағы мұздықтардан басталып, Шымкент қаласына жете бере Бадам өзеніне құяды.[1]