Ауыл | |
Сайқын | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты |
1905 жыл |
Алғашқы дерек | |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲4 418[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71140 |
Пошта индексі |
090200 |
Автомобиль коды |
07 |
Сайқын шекарасы
|
Сайқын — Батыс Қазақстан облысындағы ауыл, Бөкей ордасы ауданының және Сайқын ауылдық округі орталығы. Приволжск темір жолы желісіндегі Красный Кут - Астрахань бағытындағы темір жол бекеті.
Облыс орталығы - Орал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 614 км жерде, Нарын құмының солтүстігінде сораң, жусан аралас, көде, көкпек басым өскен бозғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 3996 адам (1999 ер адам және 1997 әйел адам) болса, 2009 жылы 3686 адамды (1795 ер адам және 1891 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 4312 адамды (2128 ер адам және 2184 әйел адам) құрады.[3]
Іргесі 1905 жылы Саратов — Астрахан темір жолын салуға байланысты қаланған. 1957-1996 жылдары М.Мәметова атындағы қой өсірумен шұғылданатын кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде Сайқында және округке қарасты Большевик, Ленин, Шоңай ауылдарында аудандық дәрежедегі мекемелер, кәсіпорындар мен ЖШС-тер, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Әлеуметтік инфрақұрылымда орта, 3 бастауыш, спорт мектептері, мәдениет үйі, 4 кітапхана, орталықтандырылған аурухана, дәрігерлік амбулатория және 4 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль және темір жолдары арқылы қатынайды.[4]
|