Самайдың беткі көктамыры | |
---|---|
Бас және мойын көктамырлары (Самайдың беткі көктамыры ортасында, құлақтың алдында). | |
Қабақтың қантамырлары, алдынан қарағанда. (13, сол жақта, самайдың беткі көктамырының тармағы) | |
Латын тілі | venae temporales superficiales |
Прекурсор | Басталады: |
Самайдың беткі көктамыры (ағылш. Superficial temporal vein) — бассүйек бүйіріндегі көктамыр.[1] Ол бассүйек төбесінің бір бүйірінен басталып, маңдай көктамырымен, көзүсті көктамырымен, қарсы жақтағы тиісті көктамырлармен, артқы құлақша көктамырымен және қарақұс көктамырымен тұтасады. Ол соңында бетсүйек доғасының артқы түбірін кесіп өтіп, шықшыт безіне еніп, үстіңгі жақсүйек көктамырымен бірігіп, артқы бет көктамырын құрайды.
Ол шашақты тор формасында бассүйектің бүйірі мен төбесінен басталып, маңдай көктамырымен және көзүсті көктамырымен жалғанып, қарсы жақтағы тиісті көктамырлармен, сондай-ақ артқы құлақша көктамырымен және шүйде көктамырымен тұтасады.
Осы шашақты тордан маңдай және төбе тармақтары пайда болып, бетсүйек доғасының үстінде қосылып, қантамыр діңін құрайды, ол самай бұлшықетінен шығатын самайдың ортаңғы көктамырына тұтасады.
Сосын ол бетсүйек доғасының артқы түбірін кесіп өтіп, шықшыт безінің затына еніп, ішкі үстіңгіжақ көктамырымен бірігіп, артқы бет көктамырын қалыптастырады.
Беткі самай тамыры өз қан ағысын мына қантамырлардан алады: