Самат Смақов | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Самат Қабірұлы Смақов | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары |
Смак, Сэм, Сом | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні |
8 желтоқсан 1978 (45 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Семей, ҚазКСР, КСРО | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
182 см | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
69 кг | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
қорғаушы, жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызметі |
Ба директор | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Самат Қабирұлы Смақов (8 желтоқсан 1978 жыл[1], Семей) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы (76 матч).
Футболмен жеті жасынан шұғылдана бастады. 1997 жылы мини-футболдан ерекше көзге түсті де, дереу Семейдің "Спартагына" қабылданды. 1997 жылғы маусымда 10 кездесуде алаңғы шығып, бір голдың авторы атанды. 1998 жылғы маусымда 20 жасар қорғаушы 23 кездесуде бес рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Маусым қорытындысында клубтастарымен бірге Қазақстан чемпионы атанды.
1999 жылғы маусымды "Ертіс" сапында өткізді. Жыл бойы 20 кездесуде керекулік клубтың намысын қорғады да, тағы да ел чемпионы атанды.
Қорғаушының сауатты ойынынан соң өзге елдегі клубтардың оған көзі түспей қоймады. 2000 жылы Ресейдің "Ростсельмаш" клубы Саматпен келісім шарт жасасты. Ростовтық клубта Самат екі маусым ойнап, 39 кездесуде алаңға шықты. Бірақ кейін қосалқы құрамда отырып қалды да, 2002 жылы "Жеңіс (Астана)" клубына жалға берілді. Сол жылы жазда жаттығу барысында жарақат алып, астаналық клуб сапында алаңға көп шыға алмады. Соған қарамастан жыл соңында Қазақстан кубогы иегері атанды.
2003 жылы "Ертіске" қайта оралды. 2004 жылы "Қайрат" сапында өнер көрсетті, өнер көрсетіп қоймай команда капитаны боп та тағайындалды. Жыл соңында Самат Қазақстанның үздік футболшысы атанды және төртінші рет Қазақстан чемпиондығына қол жеткізді.
Кейінгі маусымдарда "Қайраттың" ойыны нашарлап кетті. 2007 жылғы маусымды "Ақтөбе" сапында бастады. "Ақтөбе" сапындағы алты маусым Самат үшін жетістіктерге толы болды, бірнеше рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан Суперкубогы иегері және тағы да үш рет Қазақстанның үздік футболшысы (2007-2009) атанды.
2013 жылдың бірінші жартысын Түркияның "Ризеспор" сапында өткізді. Маусым қорытындысында Самат Түркия бірінші лигасының үздік қорғаушысы атанды.
2013 жылы жазда "Қайратқа" қайта оралды. 2014 жылы қазан айында клубпен келісім шартты бұзды[2]. Оған клубтың бітіспес қарсыласы "Астанаға" қарсы матчтағы Самат және бірнеше футболшының сүреңсіз ойыны себеп болды.
2015 жылғы маусымды "Ертісте" өткізді.
2016 жылы "Ақтөбеге" оралды, бірақ 38 жастағы қорғаушы Қазақстан чемпионатында бір ойында да алаңға шықпады. Маусым ортасында "Ордабасыға" ауысты. Бұл футболшының карьерасындағы соңғы клуб болатын. "Ордабасыда" Самат вице-капитан міндетін атқарды.
2018 жылы 4 қаңтарда карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді[3].
2018 жылы 1 қыркүйекте қоштасу матчын өткізді. Онда "Саматтың достары" және "Ақтөбе ардагерлері" командалары кездесті.
2018-19 жылдары "Ақтөбенің" бас директоры қызметін атқарды.
2000 жылы 31 қазанда Иорданияға қарсы Азия кубогының іріктеуінде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Бір жылдан соң ӘЧ-2002 іріктеуіне қатысты.
2007 жылы 12 қыркүйекте Бельгия қақпасына пенальтиді дәл орындап, құрама сапындағы екі голының біреуін соқты (екінші голды 2014 жылы Түркия қақпасына енгізді, бұл жолы да пенальтиден).
2008 жылы құрама тізгінін Бернд Шторк ұстаған соң Самат мүлде шақырылмай қойды. 2011 жылы құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бірақ 2014 жылы бапкер Юрий Красножан оны қайта шақырды. 2016 жылы 7 маусымда Қытайға қарсы жолдастық ойында құрама сапындағы 74-ші ойынын өткізіп, Руслан Балтиевтің рекордын жаңартты. Сол жылы 11 қазанда Румынияға қарсы ӘЧ-2018 іріктеу ойынында құрама сапындағы соңғы кездесуін өткізді.
|