Сапалық тозу

Тозығы жеткен музыкалық аспаптар

Сапалық тозу [1] – еңбек құралдарының толық табиғи тозуы басталғанға дейін бастапқы құнын бірте-бірте жоғалтуы. Екі нысанда көрініс табады. Бірінші нысанда еңбек құралдарының осы түрін өндіру тиімділігінің артуы нәтижесінде олар арзандайды. Екінші нысан жаңа‚ сапасы неғұрлым жетілдірілген және тиімді негізгі қорлардың пайда болуымен байланысты. Олардың пайдаланылуы өндірілетін өнімді арзандатады немесе оны нарықтан ығыстырады. Қолданыстағы қорлардың техникалық қасиеті осының нәтижесінде өзгермейді‚ бірақ олар жаңа қорлармен салыстырғанда өзінің тұтыну құнын жоғалтады‚ сондықтан бұрынғы (қолданыстағы) қорлар құнсызданады. Сөйтіп‚ бір жағынан‚ кәсіпорын жоғалтады‚ екінші жағынан‚ қоғам ұтады. Өйткені ескі қорлардың құнын жоғалтуы жаңа қорларды пайдаланудан болатын үнеммен тез өтеледі. [2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 том