Сардор Ихтиёрович Рашидов ![]() | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
184 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
77 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері |
7 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сардор Ихтиёрович Рашидов (өзб. Sardor Ixtiyorovich Rashidov; 14 маусым 1991[1], Жызақ, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы мен "Пахтакор" клубының шабуылшысы.
Жызақ футболының түлегі. 2007 жылы "Курувчи" (қазіргі "Бунедкор") клубына қабылданды. "Бунедкор" сапында жеті маусым ойнап, Өзбекстан чемпионатында 22 голдың авторы атанды.
2015 жылы шілдеде Катардың "Әл-Жайш" клубына ауысты. Жаңа клубы сапында негізгі құрамға тез орнықты.
2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Жазира" клубымен келісім шарт жасасты.
2018 жылы Өзбекстанға оралып, "Локомотив" футболшысы атанды.
2019 жылдың басында Португалияның "Насьонал Фуншал" клубына ауысты.
Сол жылы жазда катарлық тағы бір клуб "Катар СК" клубымен келісім шарт жасасты.
2013 жылы 31 қазанда Өзбекстан құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. 2015 жылғы Азия кубогына қатысып, Сауд Арабиясы қақпасына екі гол соқты.
2019 жылғы Азия кубогына да қатысты.
|