Сары лапыз

Сары лапыз

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Liliales
Тұқымдасы: Colchicaceae
Кіші тұқымдасы: Colchiceae
Тегі: Colchicum
Түрі: C. luteum
Екі-есімді атауы
Colchicum luteum
Baker, 1874

Сары лапыз (лат. Colchicum luteum) – лапыздар тұқымдасына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Анда-санда тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас Алатау, Қаржантау мен Угам жоталары) кездеседі, мұнда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді. Оңтүстікке қарай Памир-Алай таулары, Ауғанстан, Қашқария, Тибет, Үндістанда таралған. Далалы және шалғынды беткейлерде, аршалы орман арасындағы алаңқайларда, ортаңғы және жоғарғы тау белдеулеріндегі еріп жатқан мұз маңында өседі. Өте ерте гүлдеуімен (мамыр соңында) ерекшеленеді. Өте улы. Барлық бөліктерінің құрамында алкалоидтар (колхицин, колхамин) бар. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында жылқылардың 87%-ы уланып өлгені жайлы мәліметтер бар. Мәдени түрде тұқымы арқылы жақсы өседі, көшеттері төртінші жылы гүлдейді. Табиғи популяцияларының тығыздығы кейде бір шаршы метрде 40 дараға дейін жетеді, бірақ тіршілік ортасының көлемі шектеулі. Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Colchicum luteum