Мұрат Өрленбайұлы Насимов
САЯСИ КОНСАЛТИНГ ҰҒЫМЫ
Консалтинг (ағыл. consulting) ұғымының аудармасы кеңес беру, ақылы кеңес беру дегенді білдіреді. Жалпы бұл кез келген құбылыстың ұйымдастырушылық дамуы мен басқару салаларының күрделі мәселелерін шешуге бағытталған интеллектуалды шара. Сонымен қатар, кеңес берушілік және тәжірибелік қызметтердің кең дәрежелі кешені, сараптамалық, техникалық және экономикалық мәселелер бойынша арнайы кеңес беру қызметі. Көптеген жағдайда кеңес беру мекемелері нарықты зерттеу мен болжау қызметімен (тауарлар, қимылдар, лицензиялар, ноу-хау); кез келген операцияларды қамтамасыз етуге тауарлық-саяси шарттарды бағалаумен; түрлі маркетингтік бағдарламаларды дайындау және өткізумен айналысады. Жалпы бұл ұғым XX ғасырларда батыстан енгендіктен, оның консультация түсінігі баршамызға баяғыдан белгілі. Мәселен, С.И. Ожеговтың «Орыс тілінің сөздігі» еңбегінде: «1. Кез келген іс жөніндегі мамандардың кеңесуі. 2. Мамандарға берілетін кеңес. 3. Осындай кеңес беретін ұйым. 4. Оқушыларға пәнді игеруге беретін ұстаздың көмегі» [1], - деп жазылған. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «1. Белгілі бір мәселеге байланысты мамандардың жиналысы. 2. Белгілі бір маманның тарапынан берілетін кеңес. 3. Кеңес беретін мекеме. 4. Тақырыпты ұғындыру үшін мұғалімнің оқушыға көмек көрсетуі» [2], - деп жазылған. Үлкен Совет Энциклопедиясында «консультация» деп көрсетіліп, оның оқу, медициналық, құқықтық түрлерінің бар екендігі баяндалады [3] және Қазақ Совет Энциклопедиясы Бас редакциясының ұсынған төмендегідей анықтамалары сәйкес келеді: «Консультация (лат. consultatio, consulto – кеңесемін, талқылаймын, қамқоршы боламын) 1) қандай болмасын бір мәселе жөніндегі маманның кеңесі, оқытушылардың оқушыларға, студенттерге емтиханға дайындық кезіндегі көмегі; 2) бір мәселе бойынша мамандар кеңесі; 3) белгілі практикалық мәселе жөнінен мамандар кеңесі арқылы халыққа көмек беретін мекеме» [4]. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында бұл ұғым консалтинг (ағыл. сonsult – кеңесу, кеңес құру, назар аудару) деп беріледі және мынадай анықтама ұсынылады: «шаруашылықты басқарушыларға және түрлі ұйымдардың басқарушы қызметкерлеріне кәсіби көмек көрсету, кеңес беру, оқыту» [5]. Бұл терминге қатысты өзге де анықтамаларға тоқталсақ. Консалтинг – нарықта тауарларды болжау, қызмет және инновацияны зерттеу, фирманы тізімдеу және жасау, сыртқы экономикалық байланыс, қаржы, сатып алушыларға кең көлемдегі экономика төңірегіндегі сұрақтары, сатушылар, өндірушілерге қорытындылаушы кеңес беру жөніндегі серіктестіктің жұмысы. Кеңес беру жұмыс көрінісінде жекелеген маманданған консалтингтік фирма болуы мүмкін. Жаңа мекемені құрғанда, құрушы құжат пакеттерін дайындауда консалтинг құрылу көмегінің болуы [6]. Экономика және басқару бойынша кеңес берушілердің Европалық ассоциация федерациясының ұсынысы бойынша: «Басқару мәселелеріне қатысты тәуелсіз кеңес пен көмек беру, оны орындау жөніндегі мүмкіндіктерді айқындау мен бағалаудағы жоғарғы санатты мамандардың ұсынысы» [7]. Ресейлік В.М. Попов секілді т.б. авторлар пікірінше: «Клиенттің мәселесі мен берілген саланың ғылыми-техникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық инновациялары ескерілген даму басымдықтары айқындаған сараптамаларды негізгі міндет деп санаған интеллектуалды қызметтің түрі» [8]. Ал басқарушылық кеңес беруде оны: «Жаңа экономикалық шарттардағы басқарушылық кеңес беру барысында (1) кеңесші тапсырысшымен тәжірибе алмасуда оны өзі үшін сақтағанға қарағанда; (2) клиент мүмкіндігін қарап міндеттерді шешуге белсенді түрде қатысып; (3) қос тарап берілген міндеттерді шешуде күш - жігерлерін аямай, бұл шарадан құнды тәжірибе иеленеді» [9], - деп атап көрсетеді. Сонымен қатар, Питер Блоктың мына пікірімен толықтай келісеміз: «Сіз кез келген жағдайда өзгерту немесе жақсартуға бағытталған қызметті кеңес бергенмен, оның орындалуын басқармаймыз... Көптеген штаттағы қызметкерлер шын мәнінде кеңес берушілер болып табылғанымен, олар өздерін ресми түрде кеңесшілер деп атамайды» [9, 16 б.]. Жалпы консалтинг келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: - сараптамалық қызмет; - болжам; - клиент қызметін тексеру; - клиент қызметінің жұмыстарына қатысу (стратегиялық жоспарлар, мәселелер жиынтығын шешу, ақпараттық жүйелерді дайындау және енгізу т.б.) Сондықтан кеңес беру қызметінің мынадай кең тараған түрлері бар: - салық салу мен заң қызметі салалары бойынша кеңес беру; - аудит, бухгалтерлік есеп, тексеру қызметі; - басқару саласындағы кеңес беру; - ІТ – консалтинг; - саяси консалтинг. Саяси консалтинг саласының негізгі бағыттары ретінде билік жүргізуге қатысты жоспарлау, ұйымдастыру және оны өткізу жұмыстары болып табылады. Бұл саяси жобаларды дайындау мен үйлестірудің кезеңдік кеңес беруді зерттейтін ғылым саласы.
«Саяси консалтинг» ұғымы бізге батыс саяси ғылымдарынан еніп, бір жақты түсіндірмесі ұсынылмаса да, Қазақстан Республикасының саяси тәжірибесінде белсенді түрде пайдаланылады.
Қазақстанның саясаттанулық сөздігі бойынша: «саяси консалтинг – прагматикалық және технологиялық түрде ықпал ететін өзіндік технологиялық және тәртіптік жүйесі бар өндіріс» [10], - деп айтылған. Американдық маман Д. Ниммо пікірінше, бұл түсінік сайлау науқанын ұйымдастыруымен өзара байланысты. Саяси процестің технологиялық орындалуының сахналық көрінісі көпшілік баяндамалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы суреттелетін барлық іс-шаралардың жиынтығын құрайды. Бірақ осы саясаткерлер қимылдарын ұйымдастырумен қазіргі заманғы саяси технологияларды игерген дарынды, зерделі кеңес берушілердің ұйымдастырушылық қызметімен байланысты [11]. Өткен ғасырдың соңындағы Ресейлік ғалым О.А. Метвейчевтің пайымдауынша, саяси кеңесші халық пен саясаткер арасындағы көмекші. Көп жағдайда ол саясаткерді халықтың қабылдауына қарай бейнесін жасайды. Ресейлік ғалымдар А.П. Ситников пен Е.Г. Морозова саяси кеңес беру ұғымына төмендегідей сипаттама береді: «Әр науқандық ақпараттың, үгіт-насихаттың, доктриналардың қызметі негізінде жүзеге асырылатын жоғары технологияларды саяси науқандарды интеллектуалды және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудің кәсіби қызметі», - деп көрсетеді [12]. Саяси менеджментті зерттеуші танымал Ресей ғалымы Г.В. Пушкарева саяси кеңес беруді «саясаткерлердің нақты саяси міндеттерді шешуде тәжірибелі көмек берудің процесі», - деп түсінеді [13]. Ал В.Э. Гончаров саяси консалтингты сайлау науқаны технологиялары салаларындағы ақы төленетін қызмет түрі ретінде қарастырады [14]. Сондықтан саяси консалтингтың негізгі қызметтері: - белгілі бір саяси құбылыстарды айқындайтын әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу; - әлеуметтік-саяси жағдайлар диагностикасы; - нақты әлеуметтік-демографиялық топтар өкілдерінің құндылық ұстанымдарының ерекшеліктерін зерттеу; - түрлі мониторингтерді ұйымдастыру мен өткізу; - сайлауалды науқанды ұйымдастыру және өткізу; - сайлауалды жағдайға сараптама; - кандидаттың сайлау науқанының стратегиясын дайындау; - сайлау штабын құру, қызметін қалыптастыру және аймақтық штаб жүйесі жөнінде кеңес беру; - бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты ұйымдастыру; - үгіт-насихат, ақпараттық және жарнамалық материалдарды дайындау; - кандидат имиджін қалыптастыру жұмысына кеңес беру; - кандидаттарды сайлаушылармен кездесу шарасын ұйымдастыру; - арнайы жобалар бойынша жұмыс (контрпропаганда, өсек жүйесі, дезинформация, event-шара - дайындау және өткізу). Осы себептерге байланысты, саяси консалтингтің негізгі жұмыс тәртібі мыналар деп атап көрсетеміз: - саяси міндеттерді шешуге бағытталған ұсыныстарды дайындау; - көпшілік имиджін алға жылжыту; - репутациялық консалтинг; - тапсырыс берушінің ақпараты негізіндегі баяндамалар, есептер мен бағдарламаларды дайындау; - белгілі бір ұйымның бағдарламасы мен идеологиясын дайындау; - тұрғындармен тиімді үгіт-насихат жұмыстары әдістері; - саясаткер, кандидат, партияның имиджіне психологиялық сараптама мен жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру; - саяси бәсекелестер имиджіне салыстырмалы сараптама; - электоратқа ықпал етудің психологиялық тәсілдеріне сараптама; - бәсекелестердің үгіт-насихат науқандарына қарама-қайшы әдістер, деструктивті саяси технологияларды жою; - бұқаралық саяси акцияларды өткізу ерекшеліктері; - жеке әлеуметтік категориялармен (жастар, зейнеткерлер және т.б.) жұмыс жүргізу ерекшеліктері; - мақсатты аудиторияның негативті ұстанымдары мен стереотиптерін жеңу жүйесін дайындау; - БАҚ, партиялық бағдарламалар мен басқа материалдар мәтіндерін арнайы зерттеу; - саяси баяндамалар мәтіндерін дайындау және психологиялық сараптама, спичрайтинг. - саяси ұстаным технологиялары; - сайлау науқанының менеджменті; - ақпараттық қауіпсіздік ұйымдастыру; - сараптамалық материалдарды дайындау; - саясаткерлер мен саяси құрылымдарды ақпараттық-сараптамалық қолдау; - ұзақмерзімді имидждік бағдарламаларды дайындау және енгізу. Қазақстан Республикасы саяси консалтингі нарығының негізгі басымдығы ретінде саяси процестер мазмұнын терең талдау, саясаттағы негізгі ойыншылар қимылдарын модельдеу мүмкіндігі, оқиғаның дамуын болжау болып табылады. Біздің ойымызша, аталған тұжырымдар осы құбылыстың түрлі сипаттамалық феноменін айқындайды.
1. Ожегов С.И. Словарь русского языка // Под общей редакцией академика С.П. Обнорского. – 2-е издание, исправленное и дополненное. – М., 1952. – С. 255. 2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1980. - 5 т. – 73 б. 3. Большая Советская Энциклопедия (В 30 томах) / Гл. Редактор А.М. Прохоров. – Изд. 3-е. – М.: Советская Энциклопедия, 1973. – Т. 13. – С. 58. 4. Қазақ Совет Энциклопедиясы / Бас редакторы М.Қ. Қаратаев. – Алматы: Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясы, 1974. – 5 т. – 571 б. 5. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. / Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – 4 т. – 634 б. 6. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздік (2100 жалпыға әйгілі сөздер) / Құраст. К.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов. – Алматы: LEM, 2001. – 156-157 бб. 7. Кларин М.В. Корпоративный тренинг от А до Я. – М.: Дело, 2002. – С. 99. 8. Попов В.М., Ляпунов С.И., Филиппов В.В., Медведев Г.В. Современные бизнес-технологии. – М.: Кнорус, 2006, - С. 91. 9. Управленческое консультирование нововведений: Индивид в организации / Отв. ред. А.И. Пригожин. – М., 1990, - С.10. 10. Казахстанская политологическая энциклопедия. / Главный редактор Т.Т. Мустафин. – Алматы, 1998. – С. 275. 11. Nimmo D. The Political Persuaders: the techniques of modern election campfigns // Transaction publishers. New Brunswick, New Jersey, 1999. – P. 66. 12. Справочник по политическому консултированию //Под ред. проф. Д. Перлматтерг. – М., 2002. – С. 9. 13. Пушкарева Г.В. Политический менеджмент. – М., 2002. – С. 366. 14. Гончаров В.Э. Политический консалтинг в России. Конец эпохи всемогущества //Полития. – 1999. - №2. – С. 40.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|