Ауыл | |
Сағыз | |
![]() | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
48°13′53″ с. е. 54°52′23″ ш. б. / 48.23139° с. е. 54.87306° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°13′53″ с. е. 54°52′23″ ш. б. / 48.23139° с. е. 54.87306° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1939 |
Бұрынғы атаулары |
Қарақияқты |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲7249 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71238 |
Пошта индексі |
060507 |
Автомобиль коды |
06 |
Сағыз шекарасы
|
Сағыз — Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы ауыл, Сағыз ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті.
Аудан орталығы — Миялы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде, Сағыз өзенінің жағалауында орналасқан. Ауылдың жалпы жер көлемі 82 642 га.
Іргесі 1939 жылы Атырау — Қандыағаш темір жолын салуға байланысты қаланған. 1951 — 96 жылдары Ленин атындағы қаракөл қойын өсіретін ұжымшардың орталығы болды.
1999 жылы тұрғындар саны 6107 адам (3079 ер адам және 3028 әйел адам) болса, 2009 жылы 6640 адамды (3290 ер адам және 3350 әйел адам) құрады.[1]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 7249 адамды (3603 ер адам және 4646 әйел адам) құрады.[2] оның ішінде:
Бір жанұядағы орташа адам саны -6
Көп балалы отбасылар -542
1969 жылы құрылды. Мекеме жүргізушілері аудандағы 8 кеңшар мен аудан көлеміндегі мекемелердің жүктерін тасыды. Алғашқыда шағын автокөлік мекемесі болып құрылған автопарктегі машиналардың саны 105-ке дейін көбейді, бірнеше жеңіл тракторлар болды. Автобаза құрылғанда алғашқы директоры болып Бақтықожа Сейтешов одан кейін Тілекқабыл Мырзағалиев, Ғалымжан Тастанбеков, Сүндет Алауов және Тоғызбай Есенов, Рахымжан Сүйеуғалиев директор болып жұмыс жасады.
1942 жылы Қандағаш-Гурьев аралық темір жол учаскесі -тұракты пайдалануға берілген күнінен бастап, Сағыз стансасы халық шаруашылығын, экономикасын өркендету жұмысы бойынша, пойыздарды қабылдап, жөнелту жұмыстарын қалтқысыз орындап жатыр.
1977 жылы «Атырау-Жарық» Акционерлік Қоғамын Мақат аудандық электр жүйесінің жанынан кұрылды. Электр куатын Актөбе электр жүйесінен келетін 35 кв электр желісіне косылған теміржолға қарайтын 35/10 кв қосалқы электр торабынан алып тұрады. 1977 жылы Сағыз селосына 10 км болатын 10 кв электр желісі, 40 км болатын Сағыз-Былқылдақты-Шолақсай 10 кв электр желісі, 30 км болатын Сағыз-Ақкұдық 10 кв электр желісі, ауыл іштеріне 0,4 кв болатын - 30 км электр желісі және 10 дин КТП 10/0,4 кв қосалқы станциясы электр жүйесіне қосылып халыкқа электр қуатын береді.
1982 жылы Шолақсай-Сарықұмақ-Соркөл-Наршөккен және 8 шопандар кыстағың 80 км - 10 кв электр желісі 14 дин КТП 10/0,4 кв қосалқы станция тұрғызылып іске қосылды.
1983 жылы Жантерек-Қоңыраулы - 30 км., Жамансор-Кенбай - 30 км болатын 10 кв электр желісі іске қосылды. 1988 жылы Жантерек- Орысқазған -Мұқыр-Сағыз - 85 км болатын 35 кв электр желісі және Сағызда - 35/10 кв 2 дин - 2500 кв трансторлитор: Мұқырда 35/10 кв - 2 дин -1000 кв трансторлитортмин қосалқы станция тұрғызылып іске косылды.
Ең бірінші 1943 жылы байланыс кеңсесі болып ашылғанда Бисен Батесов жұмыс жасаған. Бұрын телеграмма қабылдау, жеткізу, сауда саласынын түсімдерін кабылдау, сәлемдеме, бандерольдар кабылдау, кұнды және жәй хаттарды кабылдау, жеткізу, аударма қабылдау, басылымға жазу және жеткізу, зейнетақы тарату сияқты жұмыстар аткарылды.
Қазір соларға қосымша түрлі салым түрлері, еңбек ақы, жәрдемақы төлеу, электр желісін қабылдау, телефон абоненттерін қабылдау, несие өтемдерін кабылдау және төлеу тағы сол сияқты төлемдерді алып халыққа қызмет көрсетеді.
1955-1966 жылдары поштада Дидар Сақтағанов, 1961-1976 жылдары Ғапу Мырзашев басшы болып еңбек еткен. 1976-1987 жылдары Каримолла Іңірбаев, 1973-1998 жылдары Света Тұрғалиева басшы болып жұмыс жасаған.
1944 жылы аудан ортадығы Қарабау ауылында байланыс конторы болып кұрылып, әрбір ауылда монтерлар еңбек еткен. Сағыз ауылында алғаш рет соғыстан кейін бөлімше болып ашылып, онда Ұлы Отан соғысы ардагері Тайпала Ғабдулин монтер болып жасаған. 1993 жылы барлығы 200 телефон нүктесі болған болса, бүгінде 970 телефон нүктесіне жетті.
1993 жылы поштадан бөлініп, өз алдына «Қазақтелеком» болып шықты.
«Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-не қарасты Сағыз учаскелік сумен камту мекемесінің ірге тасы алғаш рст 1938 жылы теміржолдың локомотив депосы жанынан паровоздарды сумен қаму мақсатында құрылған.
1938 жылдан 1966 жылға дейін су Шұбарқұдық бекетінен теміржол арқылы су қазандарымен Сағызға жеткізіліп, халыққа, теміржол паравоздарына таратылған. 1966 жылдан бастап халықты ауыз сумен қамту мақсатында жеке мекеме болып Гурьев теміржол бөлімшесі қарамағында Сағыз учаскелік бөлімшесі болып құрылды. 1975 жыддан бастап Ноғайты елді мекенінен ұзындығы 47 км су кұбыры желісі тартылып, Сағыз-Мақат аралығындағы су құбыры желісі арқылы халықты ауыз сумен қамтыған. 2007 жылдың маусым айынан бастап Сағыз учаскелік бөлімшесі Атырау теміржол мекемесінен бөлініп, Ақтөбе қаласындағы «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-нің қарамағына ауды. Сағыз учаскелік бөлімшесі Ноғайты бекетіндегі теміржолшыларды, Сағыз селосының тұрғындарын, Сағыз-Мақат бекеттер аралығындағы теміржолшыларды және «Қайнармұнайгаз» өндіру басқармасы мұнайшылары мен Сағыз ауылдық округ аймағына орналасқан тұрғындарды ауыз сумен қамтып келеді.
Гурьев-Қандыағаш теміржолы құрылған соң 1945 жылдары кұрылған. Сол мезгілден бастап Сағыз теміржолы жүк, жолаушылар тасымалына өзіндік үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда техникалык бақылау пунктінде 50-ден астам жұмысшы қызметкерлер жүк және жолаушы тасымалына, қозғалыс қауіпсіздігіне үлесін қосып келеді.
1965 жылы Сағыз стансасында әскерилендірілген күзет тобы ашылды. Оның басты міндеті - теміржол вагондарындағы тасымалданатын жүктердің тиісті жеткізетін жеріне талан-таражға түспей баруын қамтамасыз ету. Оны алғашқы жылдары Атшыбай Маханов басқарды. 1968 жылы Маңғыстау түбегіне жаңа теміржол тартылуына байланысты Сағыз стансасынан өтетін поездардың саны артты. Осыған орай күзет тобы команда болып ашылып, күзетшілер саны біраз көбейді. 2006 жылдан бастап поездардың саны артуына байланысты командада 72 адам, 4 маусымда еңбек етеді.
Құм өндіру, бензин сату, тамақтану, сауда-саттық орындары, жеке көліктер қызметі
Барлық мал басы -21 887 бас. оның ішінде:
Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі (Сағыз ауылы, Декеев Тотай көшесі-2) — Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі алғаш рет 1959 жылы Приморье ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі болып құрылып, бірнеше рет құрылымдық өзерістер болды.
|