Сессия

Сессия (латынша sessіo — мәжіліс) — 1) парламент қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны. Парламент өз құқықтары мен міндеттерін осы С. кезінде жүзеге асырады. Ұлттық конституцияда, парламент регламентінде бекітілетін С. ашу, өткізу және аяқтау жолы мен тәртібі әр түрлі болып келеді. Бір елде С-ның ашылуы үшін мемлекет не үкімет басшысының арнайы актісі керек емес (Германия), енді бір елде С. сондай акті арқылы ашылады (Австрия, Ұлыбритания). Ұлыбританияда С. жылына бір рет ашылып, 7 айға созылады, Үндістанда жылына 3 — 4 рет ашылады. Кезекті және кезектен тыс (төтенше), көктемдік және күздік С-лар болады. Германия құқығында С. ұғымы жоқ, С. қажетіне орай пленарлық мәжілісте палата өкілдерінің бастамасымен ашылады ; 2) оқу кезеңінің соңындағы сынақ, емтихан алынатын уақыт.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]