Сим Хун
Жапон елінің басқыншылығына қарсы тағы бір ақын Сим Хун (1901-1936). Ақын поэзия шығармаларын ғана шығарып қана қоймай, сонымен қатар романдарды да жазған. Көркем фильмдерге сценарилер жазып, режиссер де болған. Тіпті фильмдерге рецензия жазып, өзі де көркем кино да түсірген. Оның романдары жоғары бағаға ие болған. Оның ең бағалы шығармаларының бірі « Мәңгі жасыл өсімдік » ( Санноксу, 1935 ). Оның шығармаларының басты тақырыбы отанына қайта оралу, кедейлікке душар болу, жапон елінің езгісінде болу. Шығармалары арқылы халық рухын нығайтпақшы болды.
Сим Хун жазған өлең шығармалары оның прозаикалық шығармаларына мүлдем өзгеше жазылған. Бұл шығармаларында ақын ұлттық тәуелсіздік тақырыбын жасырын жазса, ал өлең шумақтарында оны айқын көрсетіп жазған.
Ақын Сеулда орналасқан « Самгак », « Хан » тауы мен өзендері тұрып билейді дегені, корей мемлекеті жапон елінен бостандығын алған кезі дегенді білдіреді. Ақын өз елінің тәуелсіздігі жайлы ашық білдірген. Сол себепті оның шығармалары қағаз бетіне басылып шықпаған. Бірақ соған қарамастан ақын жапон басшыларынан өзінің шығармаларының басылып шығаруына рұқсат беруді талап еткен. Соның салдарынан жапон басшылары ақынды қатты бақылауға алған.
[1]
[2]
[3]