Симон Иванович Чиковани (груз. სიმონ ჩიქოვანი; 9 қаңтар 1903, Наескао селосы, Кутаиси губерниясы, Ресей империясы - 24 сәуір 1966, Тбилиси; КСРО) - грузин кеңес ақыны, І-ші дәрежелі Сталиндік сыйлығының иегері (1941). 1941 жылдан КПСС мүшесі. Дворян отбасысында туған. Кутаиси реалдық училищесін бітірді (1922). Тбилиси университетінің философия факультетінде оқыды. 1925-27 жылдары "Солшыл" топта болды. Грузия Жазушылар одағын (1944-51) басқарды, "Мнатоби" журналының редакторы (1954-60) болды. Шығармалары 1924 жылдан жарияланды.
"Кура жағасындағы толғаныстар" (1925), "Жеңіс"(1942),"Давид Гурамишвили туралы жыр"(1942-46,КСРО Мемлекеттік сыйлығы,1947) жинақтарында,"Севан үстіндегі нұр","Одердің арғы жағындағы гүлдер"(1952-53),"Гянджин дәптері","Аджардағы күз" циклдерінде Чиковани халықтар достығын , интернационалдық ынтымақты жырлады. Чиковани грузин классиктері және қазіргі заманғы ақын - жазушылар туралы сын, зерттеу еңбектерін жазды. Орыс, украин ақын - жазушыларыының көптеген шығармаларын грузин тіліне аударды. Ол 3- сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.
Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған[1].