Сократтық сауал қою (ағылш. Socratic questioning, немесе Сократ майевтикасы)[1] — Сократтың атымен аталатын философиялық әдіс, Сократтық әдістің бір нақты формасы. Сократ оқушыларымен пікірталас және талқы жүргізген кезде жауапқа жетелейтін сұрақтар қоюға бағытталған білім беру әдісін қолданды. Шәкірттерінің бірі болған Платонның айтуынша, Сократ "ойлы сұрақтар қоюдың жетілген тәжірибесі шәкірттерді/оқушыларды идеяларды тексеруге жетелеп, сол идеялардың негізділігін анықтауға қабілетті етеді" деп сенді.[2] Платонның пікірінше, оқытудың осы қатаң әдісі қолдану дегеніміз оқушы білімің ең жоғарғы деңгейге көтеру үшін мұғалім өзін білімсіз күйде көрсетуге тиіс.[3] Сөйткен кезде студент қайшылықтарды мойындай алады, дұрыс емес немесе шала, жалаң идеяларды жаңартады және қажетті ойды сыни түрде анықтай біледі. Мұнда, Платонның "нағыз білім сырттан алынбайды, іштен оятылады" деген идеясының да мәні зор. Яғни ұстазы шәкіртінің жан дүниесінде нағыз білімнің бар екеніне, тек оны сұрақтар арқылы оятуға тиісті екеніне сенуге тиіс.
Сократтық сауал қою - ойды көптеген бағыттарда түрлі мақсаттар бойынша өрістетуге болатын жүйелі сұрақ қою әдісі, оның ішінде: күрделі идеяларға бойлауға, заттар ақиқатына жетуге, мәселелер мен проблемаларды тануға, болжамдарды түсінуге, ұғымдарды талдауға, білгеніміз бен білмейтінімізді ажыратуға, ойдың логикалық салдарын қадағалауға және пікірталасты меңгеруге мүмкіндік береді. Сократша сауал қою ойлаудың құрылымдық логикасы бар деген тұжырымға негізделген және ой астарына күмән келтіруге мүмкіндік береді.[4] Сократша сұрақ қою мен сұрақ қоюдың өзін бір-бірінен ажыратудың кілті: біріншісі жүйелі, ғылыми, терең және әдетте негізгі ұғымдарға, қағидаларға, теорияларға, мәселелерге немесе проблемаларға бағытталады.
Сократтық сауал қою білім берумен байланысты және тұжырымдама ретінде соңғы 20 жылда оқытуда кең сұранысқа ие болды. Қазақстан мектептері мен университеттеріндегі кейінгі реформалардың басты мазмұны Сократша сауал қою әдісіне ұқсайтын оқушы/студент белсенділігін арттыруға негізделген.[5] Ұстаздар, студенттер немесе терең деңгейде ойлауға мүдделі кез келген адам Сократша сауал құрастыра алады және олармен айналыса алады.[6] Сократша сауал қою және оның әртүрлі нұсқалары психотерапияда да кеңінен қолданылуда.
Мұғалімдер сабақ барысында Сократша сауал қоюды қолданған кезде олардың мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін тексеру, оқушылардың берілген тақырып, мәселе немесе сұрақ бойынша білім дәрежесін анықтау, әсіресе, оқушылардың да Сократша сауал қою моделін үлгі етуіне және олардың ұғым, не ақыл жүлгесіне анализ жасай алуына көмектесу болмақ. Оқушылар да, оқытушы/мұғалімдер де Сократша сауал қою әдісін үйреніп, игеруге тиіс, сонда олар күрделі мәселелерге ақылдық ой қорытқанда, өзгелердің ойын түсіну мен бағалауда, сондай-ақ өзінің және басқалардың ойын қадағалауда бұл әдісті қолдана бастайды. Шынтуайтында, Сократ сауал қоюды оқытудың жалғыз ақылға қонымды түрі деп есептеген.
Оқытуда, оқытушы мына екі мақсат үшін Сократша сауал қоюды қолдануға тиіс:
Сократтық сауал қою сұрақ қоюдың оқытудағы аса маңыздылығын айқындап берді. Ол жүйелі ойлау мен шашыранды ойлау арасындағы айырмашылықты танытады, әрі жеке адамдарды өз білімі мен идеясының түп-тамырына бойлауға мәжбүр етеді. Сократтық сұрақ қоюды білім беруде жаппай қолдануды дәріптейтін ұстаздар бұл әдістің оқушылар белсенділігі мен дербес үйренуі мен тәуелсіз ізденуіне көмектеседі дейді. Білім беру барысында студенттерге қолданылатын Сократтық сауалдардың мысалдары:
[7]
Сократтық сауал қою өнері Сыни ойлаумен тығыз байланысты, өйткені сауал қою өнері ойлау шеберлігі үшін маңызды әдіс. Сократ көзсіз сене бермей, жеке білімді тексеріп тұру керектігін, сондай-ақ білмейтіні мен түсінбейтінін ашық мойындау керектігін қадап түсіндірді. Сыни ойлаудың мақсаты рефлексивті ойлау болып, ол мәлім бір тұжырым бойынша неге сенуге болатынына және нені жасауға болатынына бағытталу есептеледі.[8] Сократтық сауал қою тереңге бойлауға, қызығуға және ойдың растығы мен екіұштылығын бағалауға бағытталу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды жаңа деңгейдегі ойлауға көтереді. Сократтың ойынша, білімнің жетіспеушілігі жамандық емес, бірақ оқушы сыни ойлау әдісін қолданып білмейтінін білуге ұмтылуға тиіс.[9]
Сыни тұрғыдан ойлау және Сократша сауал қою екеуі де мән мен ақиқатты іздейді. Сыни ойлау ойлауымыз бен іс-әрекетімізді бақылауға, бағалауға, қайта құруға және қайта бағыттауға пайдалы ұтымды құралдар ұсынады. Мұны білім беру реформаторы Джон Дьюи рефлексиялық ізденіс деп сипаттады: "Бұл барыста ойланушы бір тақырыпты миында қайта-қайта ой елегінен өткізеді, байыпты және тұрақты түрде ой жүгіртеді".[10] Ал, Сократтық сауал қою болса мақсатқа жету үшін өз-өзін жетелеп, маңызды сұрақтарға нақты бағытталу.
Сұрақ қою, немесе жетектегішті талқылау әдістемесі табиғилықты, ізденгіштікті және нақты мәселе ұсынуды талап етеді.[11] Сократ секілді тәрбиешілер оқушының көзқарасын тыңдап, балама көзқарастарды да қарастыра алады.[11] Оқушыларға барлық мәліметтерді електен өткізуді, бұрынғы білімдерімен байланыс орнатуды, сондай-ақ терең ойлау жолмен мәліметтерді жаңа білімге түрлендіре көшіруді үйрету керек.[11]
Әр түрлі зерттеулер: "қойылған сұрақтар деңгейі ойлау деңгейіне әсер етеді" дегенді ұғындырады.[12] Егер оқытушы сыни ойлау деңгейін жоғарылататын, күрделі ойлар мен сұрақтар қалыптастыруға жұмылдыратын белсенді оқу ортасын әзірлей алса, онда оқушылардың білмейтін білімдерін пайдаланып, оларды күрделі сұрақтар қоюға ынталандыруға болады.[12]
Сократтық сұрақ қою психотерапияда, әсіресе классикалық Адлер психотерапиясында, логотерапияда, рационалды эмоционалды мінез-құлық терапиясындада, когнитивті терапияда және логика негізіндегі терапияда когнитивті қайта құру әдісі ретінде қолданылады.[13] Мақсат - проблемаларға қатысты адамдардың ойларына негіз болатын болжамдар мен дәлелдемелерді ашуға көмектесу. Когнитивті терапиядағы Сократша сауал қою желісі пациентті мазалайтын автоматты ойларды басқаруға бағытталған:[14]
Сократтық сауал қоюды мұқият қолдану терапевттің бір адамның қайталанған немесе оқшауланған логикасыз ойлауымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, әрі ашық көзқараспен, тіпті ең логикасыз болып көрінетін ойлардың да ішкі логикасына талдау жасауға болады.