Софья Берульцева | |
Жеке мағлұматтар | |
---|---|
Жынысы |
әйел |
Азаматтығы | |
Мамандандыру |
каратэші |
Туған күні | |
Туған жері | |
Кәсіби карьерасы |
2016 — |
Салмағы |
61 кг |
Софья Берульцева (2000 жылы 6 қарашада туған, Шымкент) — қазақстандық каратэші[1], 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.
2016 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Жастар арасындағы әлем чемпионы (2017) және ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2019) атанды.
2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдаманы соңғы сәтте алды. Ол каратеден рейтинг бойынша да, лицензиялық жарыста да ұтылып қалып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалған болатын. Алайда Азия аймағында олимпиадалық циклда әйелдер арасында ең көп ұпай жинаған спортшы ретінде Халықаралық карате федерациясының D3 картасына ие болып, Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.
Олимпиада ойындарында әйелдер арасында жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ел спортының тарихына енді.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|