Станица – патшалы Ресейдегі казак облыстары аумағында сақталған село типтес мекен. 15–17 ғасырларда Ресейдегі негізінен казактардан құралған кішігірім атты әскер жасағы, 16–18 ғасырларда казак әскерлерінен патшаға жіберілетін елшілік станица аталған. 19 ғасырдан Ресейдің казак облыстарындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Оны мекендеген барлық казак-орыстар станицалық қауымның мүшелері болып саналды. Станица жиналысы оның басқармасын (станицаның атаманы, оның көмекшісі, казначейі), сотын сайлап, жер бөлу, алым-салық жинау, мектеп ісін шешіп отырды. Станицадағы негізгі әкімшілік басқарманы атаман биледі. Патша үкіметінің шет аймақтарды отарлау саясатын жүргізуде станицаларда орналасқан казак әскерлері елеулі рөл атқарды. Қазақ жеріндегі Жайық казак әскерлері 30 станицада орналасты. Жетісудағы Үлкен Алматы (1855), Кіші Алматы (1860), Қаскелең (1860), Софийск (1858), Голубовск (1872), Қапал (1848), Сарқант (1858), Лепсі (1855), Сергиополь (1848), т.б. барлығы 28 станицада 32 772 адам тұрды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін казак әскери құрылымдары таратылып, станицалар әкімшілік бірлік ретінде толық жойылды.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |