Стефан Данаилов | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Стефан Ламбов Данаилов |
Туған күні |
9 желтоқсан 1942 (81 жас) |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1956 – осы уақытқа шейін |
IMDb |
Стефан Ламбов Данаилов (болг. Стефан Ламбов Данаилов) (9 желтоқсан 1942) - болгариялық актер, режиссер, педагог, саясаткер. Болгарияның ең танымал актерлерінің бірі. 1960-90- жылдарында КСРО, Италия және АҚШ-та көп фильмдерге түскен. Болгарияның еңбек сіңірген әртісі(1975), Болгарияның халық әртісі (1983), Болгарияның мәдениет министрі (2005-2009).
Стефан Данаилов 1942 жылдың 9 желтоқсанында Болгария патшалығының София қаласында дүние есігін ашқан. Стефан 14 жаста болған кезінде «Следы остаются» фильмінде түсіп, өнеріне жол ашады. 1966 жылы ВИТИЗ (қазіргі НАТФИЗ) бітіреді. 1968 жылы «Первый курьер» фильмінде басты рөлге ие болып, болгариялық және совет кинематографисттерімен бірге түседі. Одан соң, «Братушка», «Юлия Вревская», «Берега в тумане», «Большая игра», «Западня» атты шығармаларында түсіп, совет көрермендерінің жылы ықыласын иеленеді. 1969 жылы «На каждом километре» сериалында Николай Деянов атты майордың рөлімен түседі. Фильм өз отаны Болгарияда және Совет үкіметінде үлкен табыс әкеледі. Кең атақ-данқты «Спрут» атты италиялық сериалына Нуццо Марчино кейіпкері ретінде түсуінің көмегімен алады. Н. Массалитинов атындағы Пловдивская, Болгариялық әскер және И. Вазов атындағы Халық театрларында жұмыс жасайды. 1988 жылдан Стефан Данаилов оқытушылық қызметпен шұғылдана бастайды. К.Сарафов атындағы театр және кино өнерінің академиясында профессор атанады. 2005-2009 жылдарында Болгарияның мәдениет министрі атағына ие болды. 2011 жылы БСП партиясының вице-президентіне үміткер болған.
Стефан Данаиловтың атасы - Васил Костов Данаилов, болгариялық төңкерісші, ВМОРО мүшесі. Әкесі - Хараламби Василев Данаилов, болгариялық экономист. Анасы- Евдокия Данаилова. Әпкесі- Росица Данаилова, болгариялық актриса. Әйелі - Мария Димитрова Цанкова-Данаилова, болгариялық модель.