Суворов жуасы

Суворов жуасы

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Allioideae
Тайпасы: Allieae
Тегі: Allium
Түрі: A. suworowii
Екі-есімді атауы
Allium suworowii
Regel
Allium suworowii

Суворов жуасы (лат. Allium suworowii) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын өте сирек ездесетін түр. Жекелеген популяциялар болып Батыс Тянь-Шаньда, Қаратау мен Балқаш ойпатының оңтүстік батысында әр жерде кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Батыс Тянь-Шаньнан басқа , Памир-Алай, Бадхыз, Иран, Ауғанстанда таралған. Басқа жақын түрлерден сабағының түбін орап тұратын, пиязшығының созылған қатты қабықшасымен анық ерекшеленеді. Жұмсақ сары топырақты жазықтықтарда және тау етегі баурайларында , жиі егістік шеті мен жол жағасы орман жолақтарында арам шөп сияқты өседі. Әдемі сәндік өсімдік, көгалдандыру ісінде топтап отырғызуға қолайлы. Мәдени түрде жақсы өседі, тұқымы арқылы өнсе, үшінші-төртінші жылдары гүлдейді. Көрші елдерде табиғи популяция саны пиязшығын жаппай маринадталған түрде дайындағаннан азайып кеткен. Пиязшығының басқа да пайдалы қасиеттері (дәрілік) бар, ертеде бұнымен маталарды крахмалдаған. Қазақстандағы табиғи популяцияларының жағдайлары зерттелмеген. Елді мекендерді көгалдандыру үшін кең түрде қолдану керек. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – 58 бет.