Суық примула (лат. Primula algida) – наурызшешек тұқымдасына жататын, орман алаңқайларында, арша және шырша түбінде, альпі, субальпі белдеулеріндегі шалғынды беткейлерде Батыс Тянь-Шаньның барлық биік тауларында өседі. Түркістан примуласымен салыстырғанда бөлімдері ұсақтау, жапырақ тақталары дөңгелетеу, бозғылт-күлгін гүлді, желбірінің ойықты бөліктерімен ерекшеленеді. Маусым-шілдеде гүлдейді. Шілде-тамызда жеміс салады. Барлық бөлімдері әсер етуші зат бөледі. Бірақ медицинада қолданылмайды.
«Қазақстанның өсімдіктер әлемі» А.А. Иващенко, Алматыкітап баспасы 2012ж.