Ауыл | |
Сүйіндік | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1823 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
06 |
Сүйіндік шекарасы
|
Сүйіндік — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің орталығы.
Аудан орталығы – Құрманғазы аулынан солтүстік-батысқа қарай 340 км жерде, Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс жағында орналасқан.
Іргесі 1957 жылы тың жерлерді игеру кезінде ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде қаланған. 1957 – 1996 жылдары асыл тұқымды қой өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған.
1996 жылы кеңшар негізінде Сүйіндікте және округтегі Батырбек, Егінқұдық, Жалғызапан, Үштаған ауылдарында “Сүйіндік” АҚ және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.[1]
1999 жылы тұрғындар саны 2470 адам (1244 ер адам және 1226 әйел адам) болса, 2009 жылы 2113 адамды (1054 ер адам және 1059 әйел адам) құрады.[2]
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1823 адамды (949 ер адам және 874 әйел адам) құрады.[3]
|