Талап ету депозиті

Талап ету депозиті немесе Талап етiлмелi депозиттер (кейде Чектiк депозиттер деп те аталады) түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады. Чектiк депозит — бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы: олардың қауiпсiздiгi және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығы. Сонымен катар, олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл төлемдердi алудан бас тартады.

Ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;
  • ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;
  • шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
  • ұлттық банкке ең аз резервтің мерзiмдiк депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.

Талап ету депозитінің түрлері: контокоррент, овердрафт, нау-шоттар.

  • Контокоррент — бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокорренттi шот ерекше сенiмдiлiк белгiсi ретiнде тек сенiмдi клиенттерге және бiрiншi сыныпты қарызшыларға ашылады.
  • Талап ету депозитiне овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт — банк пен клиент арасындағы келісiмге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемiнен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды бiлдiредi
  • Талап ету депозитінің үшінші түрі — нау-шоттар — пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. *Супернау-шоттар — бұл қолма -қол ақшаны қолдану шоттары оларды ашу кызметтер кешенiн ұсынады[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Депозит кітабы 2008 Атамұра баспасы