Талас Алатауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
4484 м |
Орналасуы | |
Елдер | |
| |
|
Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота.
Қазақстан мен Қырғызстан жерінде.
Орташа биіктігі 4000 метр, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Кіші Ақсу, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар.
Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген.
Етегінде дала өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы орналасқан.[1]