Құран туралы мақалалар | |
---|---|
Құран Кәрім | |
![]() | |
Құран Порталы | |
Мәтіні
Аудармалар
• Қырааттар тізімі • Құран оқылуы (харф) • |
|
![]() |
|
Тартил (араб.: ترتيل) — Құранды мәнерлеп оқу, декламация. Араб тілінде Құранды «мәнерлеп, асықпай, дауысты жақсылап шығарып оқу» мағынасын береді[1]. Құранның әл-Муззәммил сүресінде Аллаһ тағала айтады:
«...Және Құранды өте анықтап оқы»
— әл-Муззәммил, 4 аят
Тартил сөзі сонымен қатар Құранды Жәбірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға ﷺ қалай жеткізсе, солай мәнерлеп, бөліну (фасл) мен қосу (уасл) қағидаларын сақтап оқудың ережелерін атау үшін қолданылады. Ибн Касирдің тәпсірінде Муззәммил сүресінің аяты былай тәпсірленген: «яғни: Құранды мәнерлеп оқы, шын мәнінде бұл Құранды түсіну мен ол туралы ойлануға көмек болады. Және ол (Мұхаммед пайғамбар), Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, солай оқитын болған».
![]() |
Бұл — Құран туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |