Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Татьяна Дмитриевна Лесовая (Стародубцева) (1956 жыл 1 қаңтар, Талдықорған қаласында дүниеге келген) — кеңес жеңіл атлеткасы, қазақстандық дискобол.
Татьяна Лесовая | |
Лесовая (Стародубцева) Татьяна Дмитриевна | |
Туған күні |
1 қаңтар 1956 (63 жас) |
---|---|
Туған жері |
Талдықорған қаласы, Қазақ КСР, ССРО |
Қызметі |
Диск лақтыру |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Бронза Москва 1980 Диск лақтыру |
Т. Д. Лесовая 1956 жылы Талдықорған қаласында туған. 1960 жылдардың басында отбасы Қырғыз КСР астанасы Фрунзе қаласына көшіп келді. Ол ПТУ-да оқып жүрген кезде оған Юрий Нелюбов лақтыру бапкері назар аударған еді. Кейінірек Москвадағы олимпиядаға дайындау орталығында оған ССРО-ның еңбек сіңірген бапкері Отто Грилка бапкер болды.[1] . Қазақстанға оралған кезде Татьяна Алматы мен Қарағандыда «Еңбек резерві» қоғамында жаттықты.
Татьяна Лесовая қатал басекелестікке қарамастан Москва Олимпиада – 1980 қатысуға лицензия ұтып алады. Олимпиада — 1980 Т.Д. Лесовая үшін үлкен мансап болды. 67, 40 деген нәтижемен қола медал ұтып алды. Сонымен қатар ол 1982 жылы 68, 18 м – әйелдер арасындағы диск лақтырудан Қазақстан рекордын жаңартқан. [2]
1980 жылдардағы Олимпиадан кейін Т.Д. Лесовая айтарлықтай үлкен жеңістерге қол жеткізе алмады. 1986 жылы ол өзінің спорттағы жұмысын аяқтады. Бапкерлердің жоғары мектебін бітіріп Т.Д. Лесовая ЦСКА (Алматы) бапкер болып жұмыс істеді.[3]