Теймури | |
теймури, тимури | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
290 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Иран |
170 000 |
Ауғанстан |
120 00 |
Тілдері | |
Діні | |
Теймури (өз атауы - теймури, тимури.) — Ауғанстанның және Иранның шекаралас аудандарында тұратын халық. Жалпы саны 290 мың адам, Иранда – 170 мың адам, Ауғанстанда – 120 мың адам.[1][2]
Теймурилердің шығу тегі туралы екі нұсқа бар. Теймурилер XIII ғасырда моңғол шапқыншылығынан кейін өздерінің этникалық территориясына қоныстанған. Басқа бір мәлімет бойынша, теймурилер Орта Азиядан шыққан және атын XIV ғасырдың аяғында оларды жаулап алған Темірден алған. Теймурилердің этногенезіне түркі және иран халықтары қатысты деп болжауға болады.[3]
Тілі - дари және парсы (фарсы) тілдері.[4]
Теймурилер – сүнниттік мұсылмандар, Ирандағы теймурилердің едәуір бөлігі – шииттік мұсылмандар.[5]
Ауғанстанның теймурилеріне шаруашылықтың отырықшы және жартылай көшпелі түрі тән. Кәсібінің негізі егіншілік, қой шаруашылығы қосалқы рөл атқарады. Иранның теймурилері жайылымдық мал шаруашылығымен айналысады.[6]
Олар ауғандықтарға ұқсас қара киізбен жабылған шатырларда тұрады.[7]